Байзақованы қолдаушылардың 70 пайызы өзіміздің қазақ жігіттері - танымал журналист
2018 ж. 03 қаңтар
3355
8
Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы атышулы Айжан Байзақованың әрекетіне қатысты пікір білдірді. Ол Байзақованың бірнеше жылдан бері ел алдында жалаңаштанып жүргенін алға тартып, оған көз жұма қараған мәдениет министрлігін кінәлады. Сондай-ақ, сауна жағалап, жалаңаш қыздармен көңіл көтеріп жүрген қазақ жігіттеріне базынасын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
[caption id="attachment_215763" align="aligncenter" width="662"] Фото: Stan.kz[/caption]“Байзакованың дауын неге жазбайсыз?” деген сұраққа жауабым: Ол қызды мен жазғанда не өзгереді? Қазақ қыздарын шешіндірген тексізді бетімен жіберген кім кінәлі? Ата-анасы ма? Әлде, қоғам ба? Бұл қыз кеше ғана емес қой шешініп, әлеуметтік желіге шыққаны. Қазір көріп қалғандай барлықтарыңыз шулап жатырсыздар. Әлеуметтік желіде төрт жылдан бері білгенін жасап келеді.
Өзге ұлттың өкілдері: “қазақ қыздары осындай екен ғой” деп “комплименттерін” аямай жазуда. Ал, намысты кавказдық шешендерің: “Қазақ жігіттері қайда қарап отыр? Тоқтатсаңдаршы мынаны!” деген пікірлерін де оқып қалдым. Төсекте қалай жыныстық қатынасқа түсуді жас қыздарға үйретіп жүрген Айжан Байзақованы осы күнге дейін көрмей келген құқық қорғау орындарына таңым бар. Міндетті түрде халықтың ашуына тигенде барып, бір нәрсе жасағандай болады. Ертең оны да жауып тастайды өткен жылы Астанада шешінген бойжеткен секілді”, – дейді журналист.
Бибігүл Дәулетбекқызы Байзақованың жалаңаш суреттеріне мәз болып, сыртынан ғайбаттап жүрген қазақ жігіттерінің бет-бейнесін ашты.
“Бір Байзақова мен “Қалаулым” бағдарламасы арқылы Қазақ елінің бет-бейнесі ашылып жатқанын мәдениет министрі біле ме екен? Әлде, білсе де білмегендей кейіп танытып отыр ма? Инстаграмда оны қолдаушылардың 70 пайызы өзіміздің қазақ жігіттері. Жартылай шешінген суретіне тамсана ыржалақтап, пікірлерін де жазып, көпшік қойып жүр.
Жігіттер, өздеріңіз шешіндіресіздер де, тағы келіп сырттан күңкілдейсіздер. Сауна, түнгі клубтарда жартылай жалаңаш жүрген қыздардан ләззат алу үшін ақшаларыңызды шашасыздар. Ағашкалардың қалтасындағы көк қағаздарға телмірген студент қыздар Алматы, Астанада жетерлік”, – деп жалғады сөзін ол.
Журналистің айтуынша, “Байзақова кезінде намаз оқыған” деген пікір ертегіге саяды.
“Айжан Байзақованы бәзбіреулер ақтап әлек. Кезінде “намаз оқыған-мыс” деген ертегілерді де жазуда. Ол қыз мектеп жасында да осындай қылықтарымен елдің көзіне түскен. Сондықтан да, ақтап алудың еш қажеті жоқ. Дәл бүгін 90 жылдардың жігіттері көрден тіріліп келсе, мұндай сорақылыққа жол бермес еді. “Zakova” түнгі барды жауып тастауға болмай ма? Әлде, шетелдіктердің қойынына қыздарымызды жатқызу біздің елге ұнай ма? Кешірім сұрамақ түгілі, аяққа жығылса да Байзақованың бұл ісі шектен шығушылық! Бүгін – Айжан, ертең -Маржан, одан кейін сіздің қызыңыз осылай елдің алдында шешініп жатқанын көргіңіз келе ме?! Ойланайық, ағайын!” – дейді Бибігүл Дәулетбекқызы.