Президент желіде анонимді пікір жазуға тыйым салатын заңға қол қойды
2017 ж. 29 желтоқсан
3014
13
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық ақпараттық ресурстарда жасырын комментарий жазуға тыйым салатын түзетулерге қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
“Мемлекет басшысы ақпарат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, — делінген хабарламада.
Түзетулерге сәйкес, интернет қолданушылар қазақстандық ресурстарға жасырын пікір жазып қалдыра алмайды. Сайт иесі электронды үкімет порталы немесе SMS арқылы идентификациялау туралы келісімге жасауға міндеттейді.