Аслан Мусиннің ұлының өліміне қатысты тың деректер жарияланды
2017 ж. 28 желтоқсан
8577
0
Танымал саясаттанушы Талғат Қалиев өзініңі Telegram парақшасында Аслан Мусиннің қайтыс болған ұлы Асылбектің қазасына қатысты ақпаратпен бөлісті.
Қалиевке түскен ақпарат бойынша соңғы жылдары Асылбек Мусин көпшіліктің алдына шығабермейтін болған. Өзінің 10 жыл бұрын алған қарапайым пәтерінде тұрыпты.
Оның денесін ұжымдық кештен қайтқан көршілері түнгі 00:00 шамасында тауып алған. Ол кезде Асылбектің денесі суып үлгермеген көрінеді.
«Сондай-ақ, ол құлаған кезде қолына жол ережесіне қатысты белгіні ұстап жатқан. Өның өз еркімен секіргенін қабырғадан алысқа түскенінен аңғаруға болады деген ақпарат таратушы.
Мусин тұратын ауланың тазалықшысы күндіз онымен тілдескен екен. Айтуынша бір затқа алаңдағандай ойланып жүрген, сонымен қоса тазалықшыға қомақты ақша берген.
Қазірге Асыланның туыстарынан мәйітті алып кетуге кімнің барғаны белгісіз. Осыған дейін мәлім болғандай, 24 желтоқсан күні Асылбек Мусин азаматтық некедегі әйелі секіріп кеткен терезеден құлап, қайтыс болғаны анықталған еді.