МАСҚАРА! Алматының түнгі клубында жас қыздарға 50 мың теңге беріп шешінуге көндірген (ВИДЕО +18)
2017 ж. 21 желтоқсан
22669
79
"Қазақ үні" редакциясына Алматыдағы бір топ қоғамдық ұйым басшылары атынан хат келіп түсті. Аталмыш хатта белсенділер Алматының түнгі клубында болған ерсі оқиғаны сынға алған. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаны да жіберді. Сөз бостандығы салтанат құру үшін қоғам белсенділерінің Ашық хатын еш өзгеріссіз оқырмандарға ұсынуды жөн санадық (Орфографиясы толық сақталған).
Алматы қаласы Әкіміне
«Атамекен» ҰКП Алматы қалалық өкілдігіне
Алматы қаласының Прокуратурасына
АШЫҚ ХАТ
Бұл Ашық хатты жолдау себебіміз, ағымдағы жылдың 16-17 желтоқсан айында Алматыдағы «Байзақова» түнгі клубында болған оқиға байланысты таралған бейнебаяндағы ерсілі көріністерге байланысты болып отыр.
Нақтырақ айтсақ, түнгі клубтың ішіндегі жас қыздарды 50 000 теңгеге көндіріп шешіндіріп, жұрт алдында масқаралап, арнайы бейнеге түсіріп, қоғамға таратып жіберген.
Бұл бейне қазір барлық әлеуметтік желіде қоғам талқысына салынып, теріс көңіл-күйді оятып, айыпталуда.
Өкінішке орай, түнгі клуб кәсіпкерліктің бір түрі болғанымен, қоғамдық қатынастардың, мемлекеттік идеологиялық саясатқа жат анайы дүниелердің ортасына айналып отыр. Ешқандай ұлттық тәрбиеге сыймайтын, әлемдік өркениеттік мәдениеттен, рухани құндылықтардан жұрдай әрекет осы жерлерде әдетке айналған. Бірнеше жас қыздарды ақшаға сатып алу арқылы жалпы қоғамдық түсініктің, тәрбиенің төмендігімен байланыстырған. Бұл клубтарда кәмелет жасына толмағандарға алкоголь мен психотроптық заттардың таралуын айтпағанда, жүгенсіз бағдарламалары жастарға, қоғамға нашар тәрбиелік әсерін тигізеді.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады. [video width="640" height="640" mp4="http://www.qazaquni.kz/wp-content/uploads/2017/12/2017122111211048.mp4"][/video]Біз, Елбасының мемлекеттік орынды бастамасын, «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағытын алдымызға ту етіп ұстадық, сол бағытта қимылдап та кеттік. Десе де қоғамымызды дұрыс арнада ұлттық-өркениеттік рухани байытамыз десек, мынадай іштен шыққан сұр жыландардың («Байзақова сияқты түнгі клубтардың») жұмысын мемлекеттік-қоғамдық бақылаудан шығармауымыз керек.
Біз, әрқайсымыз бала, ұрпақ тәрбиелеп отырмыз, оларға тек отбасы тәрбиесімен қатар қоғамдағы мемлекеттік идеологиялық тәрбиесін де дұрыс арнада берілгендігін қалаймыз. Егер мынадай байзақовшиналар шыға берсе, ұрпағымыздың келешегі не болады?
Сол себепті, тиісті құқықтық-әкімшіліктік әрекеттер мен ескертулер дер кезінде көрсетіліп, қажетті жауапкершіліктер басқа да түнгі клубтарға тиесілі жүргізілсе дұрыс болар еді.
Ұрпақтың жанашыры болайық!
М.Жақауов,«Абай жолы» ұлттық құндылықтар мектебі» ҚҚ президенті
Д.Бабамұратов,«Болашақ» Республикаликалық қозғалысы төрағасы
Б.Айткаримов,«Тәуелсіз ел жастары» ҚҚ төрағасы
Г. Жүніс,Республикаликалық «Желтоқсан-86 тәуелсіз қырандары
халық қаһармандары» Қозғалысының төрайымы
Б.Ағыбаев,«Алматы жастары Алатау аудандық орталығының» төрағасы
Ә.Ахмет,«Қазақ КВН лигасы» РЖҚБ президенті
К.Есмұхаметқызы,«Кеш» құқықтық қорғау орталығының төрайымы
Ә.Бағдат,«Алматы пікір-сайыс орталығы» ҚҚ президенті
Ғ.Жакей,«Ғабит Мүсірепов қоры» ҚҚ төрағасы
М. Абаған, "Кенесары" ҚҚ төрағасы