Жазира: Өмір сүргім келмей, бірнеше рет өз-өзіме қол салмақшы болдым
2017 ж. 17 желтоқсан
10280
14
Әнші Жазира Байырбекова бірнеше жыл қатарынан денсаулығына қатысты қатты қиындық көрген. Тіпті Германияға барып ең білікті мамандардың көмегіне жүгініпті. Бұл туралы stan.kz хабарлады.
«Мен бірнеше жыл қатарынан ауырмаған дертім қалмаған сияқты. Бір кездері оң жақ бетім қисайып, аузым жабылмай қалды.
Бірде аяқ-қолымды басқара алмай сылқ етіп құлағам. Осылайша бір аурудың соңынан екіншісі келіп,үнемі дертпен күресіп жүрдім.
Сенсеңіздер 25 шақты дәрігердің алдында болдым. Адамдарға, туыстарыма ішімде тұрған жүрек сияқты дүрсілдейтін затты айтып түсіндіре алмайтынмын. Қатты қиналдым. Ауырмаған ауруым мен сырқырамаған сүйегім қалмады.
Содан бір емшіге барып омыртқаның грижасы дейді гой, соны емдетпекші болғам. Күйеуім емші, бақсы атаулыға сенбейтін. Амалы құрып, ондайларды да іздестіре бастады. Сондай емшінің бірі «Сізге сыйқыр, яғни дұға жасалған» деді.
Қуанып кеттім. Менің жағдайымды түсінген бір адам табылды-ау деп ойладым. Сөйтіп ол кісі бірнеше күн қатарынан бақара сүресімен үш сағаттып оқыды. Бірінші күні оқытылғаннан кейін, ұйықтайын деп көзімді жұмсам алдыма бір апа келіп оятып жібереді.
Осы жағдай бірнеше рет қайталанды. Емшіге барып айтсам былай деді: «Сыйқыр, дұға, зиян жасалған кезде ол адамның бойына жын болып кіреді.
Сіздің бойыңыздағы жамандық, мен оқыған тазарту дұғасынан кейін ерегісіп жатыр» деді. Сол Құранмен бірнеше уақыт тазару емін жасадым, содан кейін барып өмірге деген қызығушылығым арта түсті. Мен депрессиядан шаршаған едім.
Ұлым мен күйеуіме менің қылықтарым оғаш көріне бастағанын да білемін. Оларға мен шынымен жынданып кетсем жындыханаға өткізбеңдерші деп те жылаған кезім болды. Себебі үнемі жылайберетінмін. Ішімде кіндігімнің тұсында бір жүрек соғатын.
Жалғыз қалсам сол жүрек қатты соғып, қалшылдап тұрып қорқаберетінмін. Кейде өзіме «Күйеуім қасымда, балам жанымда. Менде бәрі бар, неге өмір сүргім келмейді» деген сұрақ қоятынмын. Себебі мен өзіммен болып жатқан жағдайды біреуге түсіндірмек тұрмақ, өзім ұқпайтынмын»,-дейді әнші.
Әнші осы жағдайдан кейін Құран сүрелерімен емдеу сынды дүниелергесене бастапты.
«Күйеуім жанымда болып менің көрген қиындығым жеңіл өтті, әрі сырт көзге онша білінбеді деп ойлаймын.
Жанболатпен еріп той, концерттерге шығып келсем аздап жақсы болып қалатынмын. Сол халық көп жерде қорқынышым басылатын. Емшіні таппай тұрып үйде отырып алып дұға, сүрелерді қайталай беретінмін.
Өз-өзіме қол салмақшы болып отырып ойландым, батылым жетпеді. Бірақ мына өмірге еш қызығушылығым болмай, ешкімді көргім келмей, үнемі көз жасым тыйылмайтын»,-дейді әнші.