«АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахталарындағы кеншілер шахталардан шықты. Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошановпен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басинмен кездесуден соң бірінші болып жер бетіне Қазақстан шахтасының кеншілері шыға бастады. Сонан соң ізінше Шахтинск, Тентек және Ленин атындағы шахталардағы жұмыскерлер көтерілді. 01.00-ге қарай барлық кеншілер (420 адамға жуық) жоғарыда болды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кеншілер ереуілі аяқталды. Жұмысшылардың талаптары ескерілді ме?
2017 ж. 15 желтоқсан
3794
7
Кеншілерге жұмыс берушілер ұсынған шарттар туралы айтылды: барлық жер асты қызметкерлеріне 30%-ға жалақыны көтеру. Жер бетінде жұмыс істейтін көмір кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын көбейту мөлшерін алдағы келіссөздер барысында Келісу комиссиясы анықтайтын болады. Компанияның көмір департаментінің барлық жұмыскерлеріне еңбекақы көлемінде бір реттік сыйақы төленетін болады.
Оған қоса, жұмыс берушілермен 15 желтоқсанды демалыс күні деп жариялап, жұмысқа 16 желтоқсаннан бастап кірісу туралы ұсыныс жасалды.
Кеншілер арасында Шахтинск қаласы прокурорының қолы қойылған хат таратылды. Хатта осы ереуілге қатысқаны үшін кеншілерді қылмыстық қудалаудан босату кепілдігі берілген. Сонымен қатар прокуратура органы қажет болған жағдайда осы мәселеге қатысты құқықтық қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді.
Құрамына ынталы топ мүшелері, кәсіподақ комитеттері, прокуратура өкілдері, шахталардың директорлары, сондай-ақ облыс және АМТ басшылығы енген Келісу комиссиясы шеңберінде кеншілер жұмыс берушімен әлі де келіссөздерді жалғастырады.