ЕЛБАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУГЕ ПӘРМЕН БЕРДІ
2017 ж. 30 қараша
3577
0
Бюджетті тонап, пара алғандардың шен-шекпеніне қарамау керек деді Елбасы. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдаған Мемлекет басшысы жемқорлықпен күрес алаңында ешкімнен қорықпауға кеңес берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Қызметкерлерге, лауазымды адамдарға, маған жақын адамдардың барлығына, ешкімге ешқандай жеңілдік болмайды. Заңды түрде шұғыл шара қолданамыз. Сондықтан тағы айтатынымыз, барлық қызметкерлерге, жергілікті басшыларға, әкімшіліктерге мемлекеттің қаржысын үнемдеу керек, ол қаржыға қожа ретінде қарау керек. Мемлекеттің ақшасы халықтың ақшасы, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сол жемқорлықпен күреске жауапты Қожамжаров басқаратын агенттік биыл 3400 қылмыстық істі әшкерелеп, мыңын сотқа бергенін айтты. Осы «бармақ басты, көз қыстының» кесірінен мемлекетке 15 млрд. теңге шығын келіпті. Оның 11 млрд. теңгесі ақшалай, 7 миллиарды жеке мүлік, құнды заттармен қайтарылыпты. Қожамжаровтың есебін мұқят тыңдаған Елбасы алда атқарар істер бойынша нақты тапсырмалар берді.
qazaquni.kz