МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕ ӘРІПТЕСТІК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2017 ж. 17 қараша
2072
0
ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 4 қыркүйектегі үшінші сессияның ашылуында берілген тапсырмасына сәйкес «Мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін жетілдіру» тақырыбында «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жанындағы Экономикалық саясат кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.
Жиынды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы, Кеңес төрағасы Бейбіт Мамраев жүргізді. Депутаттардың және Кеңес мүшелерінің алдында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Даленов сөз сөйледі. Ол республикамызда мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытудың жай-күйі мен перспективалары, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік институтын одан әрі дамытуға бағытталған бюджеттік заңнаманы жетілдіру жөніндегі заң жобасымен жұмыс істеу туралы сөз қозғады. Кездесуде «Kazakhstan Project Preparation Fund» (жобаны дайындау қоры) ЖШС Басқарма төрағасы Әділ Өтембаев мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша Қордың жұмысы туралы баяндады. Кеңес мүшелерін «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік-жеке әрістестікті дамытуда атқарылып жатқан жұмыстары туралы палата Басқарма төрағасының орынбасары Ю. Якупбаева хабардар етті. Кездесу барысында Қазақстандағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін қолданудың проблемалық мәселелері мен перспективалары қарастырылып талқыланды. Депутат Берік Оспанов мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің мектепке дейінгі мекемелер, емханалар мен медициналық амбулаториялар, мәдени және спорттық нысандарды қосқанда әлеуметтік маңызы бар қызмет салаларының өсу динамикасын атап өтті. Сонымен қатар, парламентшілер өңірлерде кеңестік-әдістемелік жұмыстың жоқтығын атап өтіп, жеке серіктестікті анықтау рәсімдерінің тәртібі мен мерзімдерін оңтайландыру қажеттілігін ескертті. ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының Экономикалық саясат жөніндегі кеңесінің төрағасы Бейбіт Мамраев отырысты қорытындылай келе жедел экономикалық жаңғырту үшін МЖӘ құралының тиімділігін арттыру қажеттілігін атап өтті. Осы мақсатта ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, конкурстық рәсімдерді жүргізуді жеңілдету және ашықтықты қамтамасыз етіп, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін қайталайтын кезеңдерін болдырмау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге назар аударуды, жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру мәселесін, соның ішінде «Бәйтерек» ҰАК-ның қаржы институттарын зерттеу қажеттілігін атап өтті.
qazaquni.kz