«АҚ ЖОЛ» ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІН ҚАЙТА КӨТЕРДІ
2017 ж. 17 қараша
2313
0
Үкіметтің теріс жауабына қарамастан, «Ақ жол» сатып алу жүйесінде ШОБ мүдделерін қорғау мәселесін қайта көтерді. Мәжілістің пленарлық отырысында премьер-министрге фракцияның тиісті депутаттық сауалын Азат Перуашев жолдады.
«Ақ жол» фракциясы көп жылдардан бері мемлекеттік сатып алу жүйесі мен квазимемлекеттік секторда отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғау үшін күресіп келеді. Біздің қарсылықтарымызға қарамастан, қазақстандық өндіруші деген ұғым мемлекеттік сатып алу туралы заңнан алынып тасталды.
Біздің талаптарымызға қарамастан, үкімет квазимемлекеттік секторда және ұлттық компанияларда отандық өнімнің басымдығы сақталатын сатып алу туралы заң әзірлеген жоқ», – деп атап өтті Азат Перуашев. Депутат 13-ші қыркүйекте фракция Кәсіпкерлік кодекстің нормаларына сүйене отырып, ең болмаса мемлекеттік сатып алу шеңберінде және квазимемлекеттік сектор аясындағы сатып алу үшін міндетті болып табылатын ШОБ өнімдерінің номенклатурасын бекітуді ұсынғанын тағы да еске салды.
Айта кетелік, 13-ші қазанда алынған жауаптан Үкімет ЕАЭО мүшелігіне сілтеме жасай отырып, отандық шағын және орта бизнесті қолдаудан бас тартты. Сонымен қатар, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңында ұқсас шаралар жоқтығын сылтау етіп, осындай шараларды көздейтін Кәсіпкерлік кодекстің нормаларын да жою ұсынылды.
«Ақ жол» фракциясы мұндай жауаппен мүлдем келіспейтінін білдіреді және оны отандық кәсіпкерлердің заңды мүдделерін елемеу ретінде бағалайды» – деп мәлімдеді парламенттік фракцияның жетекшісі, оған қоса келесі дәлелдерді келтірді.
Біріншіден, Үкіметтің Кәсіпкерлік кодекстің ережелерін мемлекеттік сатып алу заңына «сәйкестендіру» ниеті ешқандай қисынға келмейтін білместік болып табылады. Кодекс құқықтық мәртебесі жағынан заңнан жоғары тұрады, ендеше, керісінше, «Ақ жол» фракциясы ұсынғандай бұл мемлекеттік сатып алулар туралы заңды Кәсіпкерлік кодексіне сәйкестендіру қажет.
Екіншіден, мұқият талдау көрсеткендей, ДСҰ ережелерінде шағын және орта бизнесті қолдауға ешқандай шектеулер жоқ. Керісінше ЕАЭО құжаттарымен мұндай артықшылықтар тікелей қарастырылған.Мәселен, Еуразиялық экономикалық одақ шартының №25 қосымшасының 40-шы тармағында сатып алу мәселелерін реттеуші мүше-мемлекеттердің заңнамасында ШОБ субъектілері үшін артықшылықтар белгіленуі мүмкін деген тікелей норма қарастырылған.
«Ал біздің үкімет керісінше, өзінің отандық шағын және орта бизнесіне жасалуға тиіс мұндай шаралардан бас тартпақшы болып отыр, – деп атап өтті Перуашев. – Жақында Алматыдағы бизнес өкілдерімен кездесуде, құрметті Бақытжан Әбдірұлы, ШОБ-ке қолдау көрсетуді – сіз басқаратын Үкіметтің маңызды басымдығы деп атадыңыз. Неліктен, депутаттардың бастамасына жауап ретінде, Үкімет, керісінше, Кәсіпкерлек кодексінен ШОБ-ты қолдау туралы норманы алып тастауды ұсынады?».
Үшіншіден, ЕАЭО мүшелігі туралы келісім квазимемлекеттік сектор саласында сатып алу нормаларын қолдануға тыйым салмайды. Мысалы, сол Ресей Федерациясында ресейлік жеткізушілерді қорғау сатып алу Заңында қарастырылған, онда ресейлік шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуына қатысуына ерекше жағдай туғызылған. Сонымен бірге, 2014 жылғы 11-ші желтоқсанындағы Ресей Үкіметінің қаулысына сәйкес, мемлекеттік компаниялар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен сатып алудың жалпы көлемінің кемінде 10% мөлшерінде шарт жасасуға міндетті. Ал өткен жылдың 16-шы қыркүйегінде РФ Үкіметі ресейлік тауарлардың шығу тегінің басымдығы туралы шешім қабылдады.
«Барлық осы мысалдар бойынша біз бірнеше рет қазақстандық бизнестің ұлттық экономикалық мүдделерін қамтамасыз етуді талап етіп, депутаттық сауалдар жібердік. Алайда, айқын шаралар қабылдаудың орнына, отандық тауар өндірушілер тек түсініктемелер алуда. Есесіне, біздің шенеуніктер қазақстандық бизнесті өз заңнамасында қорғайтын соңғы нормаларды бұзуға дайын тұр», – деп атап айтты депутат.
«Ақ жол» партиясы мемлекеттік сатып алу мен ұлттық компаниялардың сатып алу бойынша ШОБ-ті қолдаудан бас тарту Елбасының 2010 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауында 2050 жылға қарай еліміздің ЖІӨ-гі олардың үлесін кем дегенде 50% -ға дейін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық мақсаттарға жауап бермейді деп санайды.
Осыған орай, «Ақ жол» депутаттық фракциясы:
1) Үкіметтің актісі деңгейінде мемлекеттік сатып алу аясында шағын және орта бизнес өнімдерін міндетті сатып алу номенклатурасын бекіту;
2) Квазимемлекеттік сектор саласында да осындай номенклатураны бекіту туралы мәселелерді қайтадан қояды.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын және отандық бизнес мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда.
qazaquni.kz