Тамара Асардың ұлы анасын емдеуге арқалап апарды
2017 ж. 29 қараша
3600
2
Тамара денсаулығына байланысты біраз уақытқа ем алып жүрген суреттерін бөліскен болатын.
Әнші өз инста парақшасында: «Мені Қытайда емдетуге Қамбардың өзі алып барды, аяғымды біраз бас алмадым, сонда да менің көңілімді аулап, арқасына отырғызып, көтеріп Ұлы Қытай қорғанына апарды. Осыдан қаншама жыл бұрын мен оны көтеріп осы қорғанға әкелген едім. Алла берген көзін тарылтпасын, енді мені өзі көтеріп жүр. Маңдайың ашық, дұшпаның қашық болсын ҚамбарБай!!! Сені берген Алладан айналдым, Сенің Ата-Бабаңа бас идім. Тараған тақтаңа, жаралған қаныңа мың мадақ!!! Тіл-көзден аман бол!!! Сабағыңды жақсы оқы. Мен саған сенемін!!! Рахмет ҚамбарБай!!!»,деп әнші ұлына аналық алғысын өз парақшасында бөліскен болатын.
caravan.kz