Кәуап жеген үш бойжеткен қайтыс болды
2017 ж. 14 қараша
3072
2
Ташкентте үш бойжеткен қыз кәуап жеп, қайтыс болды, деп хабарлайды BNews.kz kun.uz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, жақында қыздар езілген кәуап жеген. Содан кейін олардың іші түйіп ауырған.
Дәрі ішіп өз бетімен емделген, бірақ ауруы басылмапты. Сөйтіп үш қыздың біреуі жедел жәрдем көлігінде қайтыс болады. Қалған екеуі де бірінен кейін бірі қаза тапқан.
Қайғалы жағдайдың себептері анықталып жатыр. Олмазар ауданының прокуратурасы осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.