Алматыда хирург-дәрігерлер қауымдастығы құрылды
2017 ж. 03 қараша
2400
1
Алматыда қазақстандық хирург-дәрігерлер қауымдастығы құрылып, алғашқы құрылтайын өткізді. Оған еліміздің барлық аймағынан 340 делегат қатысты. Көбісі – облыстық, аудандық ауруханалардан келген жас хирургтер. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады.
Екі күн бойы отандық және шетелдік мамандар өзара тәжірибе алмасып, біліктілікті арттыру дәрістерін өткізеді. Мақсат – хирургияда ортақ стандартты жүйе жасап, шұғыл операция жасау ісін халықаралық талапқа сай ету. Шалғайдағы дәрігерлер негізінен өздерінің білімі мен күнделікті тәжірибесіне сүйенеді. Қазір хирургтер қауымдастығы еліміздің бірқатар өңірінде филиалдарын ашып үлгерді.
«Жалпы адам өміріне қауіп төнген сәттің 80 пайызында шұғыл хирургиялық көмек көрсетіледі. Сондықтан жауапкершілігі аса жоғары істе қателікке жол бермеу керек», – дейді дәрігерлер.
Болатбек Баймаханов, хирург-дәрігер: – Соңғы кездері инновация мен жаңа технологияға көп көңіл бөлініп жатыр. Ал күнделікті жұмыс қалып қойды. Қоғамды құрудағы себеп – Қазақстанда хирургтердің басын біріктіру, бір жүйе жасау. Ауруды емдеуде, бір тактика қолданып, асқыну, өлім-жітімнің пайызын азайту қажет. Хирургиялық көмек сапасын жоғары деңгейге көтеру керек.