Орташа зейнетақы мөлшері жарияланды
2017 ж. 22 қыркүйек
2989
0
2017 жылдың 1-қыркүйегінде Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері 66 мыңнан астам теңгені құрады. Мұнымен қоса, зейнетақы алатын азаматтардың саны 2 104,2 мың адамға жетті. 2017 жылғы қаңтар-тамыз айларында базалық зейнетақыны төлеуге арналған шығындар 223,1 млрд. теңге, ал ынтымақты зейнетақы төлемдеріне арналған шығындар – 798,5 млрд. теңге болып отыр. Қазіргі таңда 669,6 мың адам мемлекет тарапынан әлеуметтік жәрдемақы алуда. Оның ішінде 506,6 мың адам мүгедектігі бойынша, 161,2 мың адам асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, 1,8 мың адам жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік көмекке жүгінген. Ал, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 32 392 теңгені құраса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін көмек құны 28 571 теңгені, сондай-ақ, жасына байланысты алатын әлеуметтік жәрдемақы 12 719 теңгені көрсетті. Атап өтер жайт, 2017 жылғы 31- қаңтардағы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеп, оған Мемлекет басшысы қол қойған-ды. Аталған құжат арқылы 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап өткен жылмен салыстырғанда зейнетақы мөлшері 20%-ға артты.
qazaquni.kz