Батыста мемлекеттік бағдарламалар басымдыққа ие
2017 ж. 21 қазан
2333
0
«Қазақ үні» газеті «Әлеумет» айдарымен кең-байтақ еліміздің аймақтарында өз тұрғындарын жұмыспен қамтып, әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қорғап, осы бағыт бойынша белгіленген мемлекеттік бағдарламаларды қалай іске асырып жатқаны жайындағы мақалалар тізбегін одан әрі жалғастырады. Бүгінгі кезекті әңгімеміз Батыс Қазақстан облысы туралы болмақ.
Жиырма алты жылдық тәуелсіздік кезеңімізде еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан өңірлердің бірі - осы Батыс Қазақстан облысы. 151,3 мың шаршы шақырым қазақтың қасиетті жерін алып жатқан алып аймақ бір ғана Ресейдің бес облысымен шектесіп жатыр. Экономикасы қарыштап дамыған Орал өңірі пайдалы кендерге де бай, оның ішінде басымдысы - мұнай мен газ. Бұл ретте Қарашығанақ кеніші әлемдегі ең бай кеніштердің бірі болып саналатынын айтсақ та жеткілікті.
Ауыл шаруашылығы, машина жасау, тағам өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру секілді өзге де салалар жақсы дамыған. Бұл дамудың басты мақсаты – адамдардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталғаны белгілі. Олай болса осыған назар аударып көрелік.
Толқыны тарих тереңінен сыр шерткен, ән мен жырға арқау болған атақты Ақжайықтың жағалауын бағзы заманнан жайлап келген Батыс өңірінің басты байлығы – оның адамдары. Аймақтың бар байлығын өз қолымен жасап жатқан да сол адамдар. Нарықтық қатынастарға көшуімізге, бізге бұрыннан беймәлім, жаңа экономикалық қарым-қатынастардың орын алуына байланысты адамдардың тұрмыстық жағдайы да біркелкі болмауы бүгінгі күннің шындығы. Біреулер жаңа заманға тез бейімделсе, енді біреулер оған ілесе алмай қалып жатыр. Сондықтан, әлеуметтік жағынан нашар қамтылған тұрғындарға қол ұшын беріп, әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру алдыңғы кезекті міндеттерге айналып отыр. Осы орайда елімізде түрлі салалар бойынша бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қабылданып іске асырылуда. Алдында айтқанымыздай Батыс Қазақстан облысы да осы жобалардың орындалуына өз үлестерін қосып келеді.
Адамдарды әлеуметтік жағынан қорғаудың ең маңызды түрі – оларды тұрақты жұмыспен қамту екені түсінікті. Жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтылса олардың материалдық жағдайлары түзеліп, ешкімге тәуелсіз күн кешеді. Ол үшін де көптеген іс атқаруға тура келеді. 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша аймақтағы жұмыспен қамту органдарында 3207 адам есепке тұрған, бұл экономикалық тұрғыдағы белсенді халықтың тіркелген жұмыссыздар үлесі бір пайызды құрайды.
Үстіміздегі жылдың басынан 4414 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығында – 858, өнеркәсіпте – 86, құрылыста – 538, көлік және қоймаларда – 97, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоцикл жөндеу – 467, білім беру – 127, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 1068, экономикалық кызметтің басқа түрлері салаларында – 417, уақытша және маусымдық жұмыстарда – 756. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 60 пайызға жуығы ауылдық жерде. Бұл жақсы көрсеткіш. Ауылдық жерде жаңа жұмыс орындарын ашу оңай емес. Екіншіден, бұл бағалы іс ауыл тұрғындарының қалаға көшу үдерісін бәсеңдетіп, ауылдықтардың жергілікті жерді дамытуға деген мүмкіндігін арттырады. Жалпы аймақ бойынша жыл басынан бері 5056 адам жұмысқа орналасса, ақылы қоғамдық жұмыстарға 3410 адам жіберілді.
Техникалық және кәсіптік білім, орта білім мен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне 516 адам жолданды, соның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 215 адам қамтылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 734 адам орналасты. Халықты жұмыспен қамтудың шалғайларда қалай іске асырылып жатқанына осы облыстың Қазталов ауданын мысалға келтіруге әбден болады. Аудан әкімінің есепті баяндамасында көрсетілгендей өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл ауданда бірқатар істер атқарылғанын аңдау қиын емес. Жұмыспен қамту саласында негізгі басымдық тұрақты жұмыс орындарын құру және жұмысқа орналастыру болып табылады.
Ауданда жалпы жұмыссыздық деңгейі 6,0% немесе 1025 адамды құрайды екен. Бұл өзге өңірлердегі аудандармен салыстырғанда жақсы көрсеткіш. Өйткені, қалаларға қарағанда ауылдық жерлерде тұрғындарды жұмыспен қамту өте қиын екені белгілі. Біріншіден, ауылдан қалаға көшу үдерісі тоқтаған жоқ. Екіншіден, ауылдық жерлерде жұмыспен қамту аясы өте тар. Басты бағыт ауыл шаруашылығы ғана болғандықтан мүмкіндіктер аз. Ауданда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,3% немесе 55 адамды құраған. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 25 адамға азайып, 131 адамға 4 млн. 082 мың теңге төленіпті.
Мемлекеттік балалар жәрдемақысы 963 отбасындағы 2692 балаға 56 млн. 317 мың тг. төленсе, тұрғын үй көмегі 112 отбасына 514 адам 1 млн. 479 мың тенге көлемінде көмек алды. Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қосымша нанға өтемақы көмегі бойынша 34 отбасы (131 адамға) 496,4 мың. теңге төленді.
«Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек маусым айынан бастап аудан бойынша 25 отбасындағы 166 адамға 6530,6 мың. тенге төленді. Бағдарлама бойынша шартты ақшалай көмек алған отбасылар 21 ірі қара, 238 қой мен ешкі және 1 бас жылқы малдарын сатып алды.
Аудан бойынша «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығын өткізу барысында 568 адамға 2 млн 285 мың тенге қайырымдылық көмектері көрсетілген.
Ауданда барлық мүгедектер саны – 984 адам, соның ішінде: 16 жасқа дейінгі мүгедек бала – 125.
2016 жылға 20 нысан бейімделіп,
34 мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру жоспары 100 % орындалды.
Аудан орталығында мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар адамдарға «Казталовка» қоғамдық бірлестігі жанындағы күндізгі бейімдеу орталығы ашылып, жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде. Осындай орталықты Жалпақтал ауылында ашу жоспарлануда.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының І-бағыты бойынша 22 жоба, атап айтсақ білім беру саласы бойынша – 8 нысан, мәдениет және спорт саласы бойынша – 4 нысан, абаттандыру бойынша – 6 нысан, инженерлік-көлік, инфрақұрылым саласы бойынша – 2 нысан, жол жөндеу – 2 нысанда жұмыс атқарылды. Барлығы 411 079,0 млн. теңге бөлініп жергілікті жерден 126 адам уақытша жұмысқа тартылды.
ІІ бағыты бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жыл басынан 70 млн. теңге қаражат бөлініп, 32 адам несиеге қол жеткізді (авто кешен және техникалық қызмет көрсету, бау-бақша, қоғамдық монша, мал сатып алу).
Сонымен қатар 2 адам қайтарылған қаражат есебінен 4 млн. 900 мың теңге қаржылай мал сатып алу бағытында несие алды.
ІІІ бағыты бойынша жастар арасында жұмыссыздықты азайту мақсатында «жастар практикасы» бағдарламасы шеңберінде кәсіптік, арнаулы орта және жоғары білімі бар жұмыссыз жүрген жастарды жұмысқа орналастыру үшін республикалық бюджеттен 8 млн. 705 мың теңге және аудандық бюджеттен 7 млн. 636 мың теңге қаралып 111 жас маман жұмысқа тартылса, соның 29-ы тұрақты жұмысқа орналасқан.
Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс орындары арқылы нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін республикалық бюджеттен 5 млн. 777 мың теңге және аудандық бюджеттен 2 млн. 520 мың теңге қаражат бөлініп 18 жеке кәсіпкерлермен шаруа қожалық субьектілеріне 49 адам жұмысқа орналастырылды.
Кәсіби оқу, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына кәсіби оқытуға 3 млн. 159 мың теңге қарастырылып, 17 адам жіберілді. Қазіргі таңда кәсіби оқуға практикасы жалғастыруда.
Өткен жылдың қорытындысына сәйкес 1843 жұмыс сұрағандардың 1080-і жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту аясында жергілікті бюджеттен 37 млн. 778 мың теңге бөлініп, 534 жұмыссыздар ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылса, 645 жаңа жұмыс орындары ашылды. Биылғы жылдың қорытындысын шығаруға ерте болғанмен былтырғы қарқын жалғасуда. Бұл облыс көрсеткішіне тікелей әсер ететін бір ғана ауданның атқарған іс-шаралары.
Еліміздегі көші-қон заңына байланысты көшіп келушілер де жергілікті тұрғындармен тең құқыққа ие. Олар да әлеуметтік-тұрмыстық жағынан жергілікті байырғы тұрғындармен бірдей қорғалуы қажет. Батыс Қазақстан облысы бойынша 2017 жылдың 20 маусымға 24 отбасы (37 адам) этникалық қазақтар қабылданып, оралман мәртебесі берілді, оның ішінде Өзбекстаннан 10 отбасы (11 адам), Ресей Федерациясынан 14 отбасы (26 адам).
Келген оралмандардың арасында еңбекке жарамды жастағы тұлғалар – 24 адам, балалар – 8, зейнеткерлер – 5 адам. Еңбекке жарамды 24 адамның ішінде 9 жоғары білімді, 10 арнаулы орта білімді, 5 жалпы орта білімді. Жұмысқа орналасқаны – 12 адам, өзін-өзі қамтығаны – 6 адам, жеке кәсіпкер – 1, бала күтіміндегілер – 2, студент – 3.
Көшіп келген оралмандардың облыс бойынша орналасуы: Орал қаласы – 21 отбасы (33 адам), Ақжайық ауданы – 2 отбасы (3 адам), Бөрлі ауданы – 1 отбасы. Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары бойынша
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен;
Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдарда орындармен, Үкiмет айқындайтын көлемде техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлiнген квотаға сәйкес бiлiм алу мүмкiндiгiмен, Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтiк қорғалумен, еліміздегі заңнамаға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етiледi.
Өзге өңірлердегідей мемлекеттік бағдарламаларға және заңнамаларға сәйкес Батыс Қазақстан облысында түрлі санаттағы адамдарға (зейнеткер, мүгедек, балалар т.б.) төлемдер тұрақты және уақытында төленіп тұрады. Жыл басынан бері 71 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 217 отбасына жәрдемақы төленсе, «Өрлеу» бағдарламасы арқылы 53 отбасына қаржылай көмек көрсетілді. Бұдан бөлек мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 38 адамға Бурабай шипажайында санаторлы-курорттық ем алса, 23 адам кресло-арбамен, 8 адам ортопедиялық таяқшамен, 25 адам сурдо, тифло құралдармен қамтылды. Бұл атқарылып жатқан істердің бір парасы ғана. Ең бастысы батыстықтар мемлекеттік бағдармалар мен жобаларға басымдық беріп, оның орындалуына баса назар аударады. Ол өз кезегінде жергілікті халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына тікелей әсер етері сөзсіз.
Бек МЫРЗАҰЛЫ
qazaquni.kz