Қазақстан мен Ресей шекарасына екі метеорит құлауы мүмкін – NASA
2017 ж. 16 қазан
2491
0
Америкалық ғалымдар метеориттің 16-нан 17 қазанға қараған түні құлауы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы tvzvezda.ru басылымы NASA агенттігіне сілтеме жасай отырып жазды.
NASA ғарыш агенттігі ғалымдарының болжамынша, 16-нан 17 қазанға қараған түні Қазақстан мен Ресей шекарасына екі метеорит құлауы мүмкін. Екеуінің де көлемі шағын және елді мекеннен қашық жерге құлайды.
MS26-45 метеориті 16 қазанда Жердің гравитациялық өрісіне жетеді. Егер ол атмосфераның жоғарғы қабаттарында жанып кетпесе, онда Ресей аумағына құлайды. Оның қалдығы Қазақстанға да түсуі мүмкін, деп ескертті NASA астрономдары.
Ресейлік мамандар әзірге бұл ақпаратты растаған жоқ.
Дереккөз: caravan.kz