Бізде енді рэкет имамдар пайда болып жатыр - заңгер
2017 ж. 05 қазан
4550
7
Әр имамның ақша алатын өз аумағы, өз ауданы немесе мешіті бар көрінеді. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек жазды деп, хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. Яғни дін қызметкері өзгенің жерінде қызмет етсе берген ақшаны алуға құқы жоқ.
Заңгер өзінің фейсбуктегі жеке парақшасында имамдарға қатысты болған көзбен көрген бір оқиға жайлы былай деп жазыпты:
Имамдар да өз мешіттеріне қатысты территорияларға билік етеді екен. Кеше бір құранда болдым. Үйдің отағасын біраз имамдар сыйлаған соң, бес алты имам келіпті құранға. Қызықтың бəрі соңында болады деп кім ойлаған. Ішіндегі жас үлкені құран оқып ас қайырған соң, ақшаны сол кісіге беріп жатқанда территория имамының жанындағылар өздеріне алған ақшаны. Анау байғұс қорыққаннан қолына ұстата салыпты. Жанында жүрген шапан көтергіштері: "бұл территория ибн-сибн бибиндікі "-деген ғой. Арабия да оқып келген бұл кісі, ал сенің білімің жоқ деген сияқты əңгімелер айтып кеткен.
Бізде енді рэкет имамдарда пайда болып жатыр.Арабқұл сорлылар өз ұлттарынан жерініп əркімнің берген ақшасына күн көріп жүрген зомбилер. Тепсе темір үзетін жігіттердің енді осылай жүргені бейшаралық емей немене?