МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ТАПТАП, ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕ ШҮЛДІРЛЕГЕНДЕРДІ ӘШКЕРЕЛЕЙІК!
2017 ж. 24 қыркүйек
4470
30
«15 жылдан бері мемлекеттік тілді аю да үйреніп алатын уақыт болды»
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ
Кеше 22 қыркүйекте 1989 жылы қабылданған тілдер туралы заңға 28 жыл толды. Содан бері Тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл болса да, әлі Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдай алмай келеміз. Ендеше, қоғамдық кұш болып, өзіміз әрекет етпесек болмас.
ЭКРАНДА, т.б. ЖИЫНДАРДА ЕКІ ҚАЗАҚ ӨЗІНІҢ АНА ТІЛІНДЕ - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІНДЕ ЕМЕС, ШЕТЕЛДІҢ - РЕСЕЙДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІНДЕ ШҮЛДІРЛЕП ТҰРСА, ФОТОҒА/ВИДЕОҒА ТҮСІРІП АЛЫП, САЙТТАРДА, ФЕЙСБУКТЕ т.б. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЖАРИЯЛАП, САЗАЙЛАРЫН БЕРЕЙІК! КІМ БОЛСА ДА?!.
«15 жылдан бері мемлекеттік тілді аю да үйреніп алатын уақыт болды» деді осыдан он бір жыл бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Ал қазір Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырдан асты!..
Құр сөз болып қалмау үшін, Республикалық "Қазақ үні" газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталы нақты әшкере фото/видео мен жазба үшін 100 мың теңгелік ЖҮЛДЕ тағайындайды.АТА ЗАҢЫМЫЗДЫ АТТАП, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ТАПТАП, ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕ ШҮЛДІРЛЕГЕНДЕРДІ ӘШКЕРЕЛЕЙІК!
Бірінші орын -50 мың теңге;
Екінші орын - 30 мың теңге;
Үшінші орын - 20 мың теңге.
Жүлделік орындар мен жүлде құны өсуі мүмкін екенін ескертеміз.
Әшкере жазба "Қазақ үніне" жолданып, сайтта жариялануы тиіс!
"Қазақ үні" газеті редакциясы
Qazaquni.kz