Қоғам белсендісі банк жұмысшыларын мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеді деп айыптады
2017 ж. 23 қыркүйек
2035
6
Қанша жан-тәніммен өз тіліміздің мәртебесін асқақтатуға тырыссам да, айналамдағы орта дәл солай жан-тәнімен қарсы шығып әлек...
Қазір ғана "Қазкомнан" келдім. Кассир қыз: "По русский говорите, я вас не понимаю!" деп отыр. Күйіп кетіп, банктің байланыс орталығына қоңыраулаттым, түкте өзгермеді, бірінші рет емес...
2010 жылдан бастап осы банктің клиентімін. Алғашқыда айтып та, жазып та, түбіртектерін, сосын терминалдарын қазақшалаған болатынмын. Мемлекеттік тілде қызмет көрсетулерін талап етіп, 1-2 орыс қызды қазақша үйренуге мәжбүрлегем.
Бірақ соңғы 2 жылда банктегі қазақша түбіртектер жойылды, ақша алу, салу үшін, тек РФ тіліндегі түбіртектерге қол қоюға мәжбүрлейді. Оған өлсем де қол қоймаймын, олар әр барған сайын, ай сайын дерлік, менің 1-2 сағат уақытымды, жүйкемді құртады. Бір рет ана қағазы аударылмаған, екінші рет мына қағазы.
"Қазкомнан" тек: "Здраствуйте, КазКом слушает" дегенді естисіз. Филиалдың Тимур есімді басшысы қазақшадан жұрдай, ылғи қашып жүреді. Қабылдау бөлмесіндегі хатшысы да дәл сондай.
Руза Бейсенбайтегі, Фейсбук парақшасынанЕскерті! "Қазақ үні" порталы редакциясы "Казкоммерцбанк" АҚ-ның осы мәселеге қатысты назар аударуын сұрайды. Сонымен, қатар редакция автордың әлеуметтік желідегі пікіріне жауап бермейді. Біз екінші тараптың да уәжін жариялауға дайынбыз.