ИНВЕСТОРЛАР КЕНШІЛЕР ҚАУІПСІЗДІГІН ОЙЛАМАЙДЫ
2017 ж. 09 қыркүйек
3478
0
Оның айтуынша, шахталарда қауіпсіздік ережесі сақталмайтыны былай тұрсын, ондағы барлық техникалар әлі күнге дейін мүлдем жаңартылмаған. Апатқа басты себеп те осы болып отыр. Инвесторлар тек күректеп пайда табуды ғана ойлайды.
– Шахта бірінші орында қауіпсіздікті талап етеді. Ол қателіктерді кешірмейді. Қарағанды шахталарындағы барлық құрылғылар ескірсе де онда ешкімнің жұмысы жоқ. Инвесторлар келгеннен бері бәрінің жұлым-жұлымын шығарды. Қарағанды көмір бассейнінде трагедия болмас үшін, кешенді шаралар жасау қажет. Әйтпесе апат қайталана береді. Инвесторлар уәде берген жаңа техникалар қайда? Жаңа технология мен заманауи техникаларға қомақты қаржы құю керек. Қанша жыл өтті, әлі де бір техника жаңартылмаған,- дейді Михаил Никифоров. Айта кетерлігі, метан газының жарылуынан соңғы 13 жылда 100 ден астам шахтер опат болған.
qazaquni.kz