Астанада төбелескен шетелдік жұмысшыларды елден шығару мәселесін сот шешеді - Бас прокурор
2017 ж. 04 қыркүйек
2948
5
ҚР бас прокуроры Жақып Асанов "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңында болған төбелеске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазір екі қылмыстық іс қозғалды. Біреуі тұрмыстық жанжал бойынша, екіншісі - жалған ақпарат таратуға қатысты, - деп мәлімдеді ол Парламент палаталарының біріккен отырысының үзілісінде.
Ал шетелдік жұмысшыларды елден көшіріп жіберу туралы сұраққа ол бұл мәселені сот шететінін айтты. "Істі сотқа жолдаймыз, сонда шешіледі", - деді Асанов.