Қазақстандықтар "Харви" дауылының астында қалуы мүмкін
2017 ж. 28 тамыз
6882
0
АҚШ-тағы қазақстандық дипломаттар Техаста күшіне мінген алапат "Харви" дауылы аумағында қалып қойған отандастарымызбен үздіксіз байланыста отыр, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов.
Оның сөзіне сүйенсек, Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі өкілдері Техаста тұратын қазақ диаспорасы белсенділерімен тығыз қарым-қатынаста, солар арқылы Қазақстанның Вашингтондағы консулының телефон нөмірі мен қажет болған жағдайда хабарласатын "қауырт желі" нөмірін таратуда.
"Ресми өкілдердің мәліметінше, әзірге зардап шегушілер арасында қазақстандық азаматтар тіркелген жоқ", — деп атап өтті СІМ өкілі.
"Харви" дауылының қуаты ең жоғары бес балдан 4 балл деңгейіне жетіп отыр. Мексика шығанағының жағалауында соққан. Қазіргі уақытта желдің ұйытқуының жылдамдығы сағатына 64 километр.
"Харви" он екі жыл бұрын АҚШ-та соққан "Катрина" дауылынан кейінгі ең қуатты дауыл болды.
АҚШ энергетика министрі Рик Перри дауылға байланысты Қазақстанға іссапарын кейінге қалдырыпты.