Газа секторының тұрғындары 30 жылдан бері алғаш рет кинотеатрға барды
2017 ж. 27 тамыз
1948
1
Таяу Шығыстағы Газа секторының тұрғындары алғаш рет кинотеатрға барып, фильм тамашалады.
Бұл туралы Франс Пресс агенттігі хабарлайды.
Газадағы “Самер” кинотеатры көрермендер үшін бір түнге ғана есігін ашқан. Сенбі күнгі көрсетілімге 300-ге жуық адам келіпті. Көрермендерге ұсынылңан “Он жыл” фильмі Израиль түрмелерінде отырған палестиналықтар туралы баяндайды. Фильм Газада түсірілген.
“Самер” кинотеатры 1944 жылы салынып, 1960 жылдары жабылып қалған. Сектордағы өзге кинотеатрлар 80 жылдардың соңында түгелдей жабылған.