ҚР Елшілігінің дипломаттары Мәскеуде Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
2017 ж. 13 тамыз
3736
2
Ұлы ойшыл тұлғаны еске ала отырып, құрмет көрсеткен Имағали Тасмағамбетов, 2006 жылы осы ескерткіштің ашылуына орай сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін тағы бір еске алды: "Осы айтулы оқиғаның нақ осы жерде, яғни Абай Құнанбаев шынайы ниеттесі болған Ресей астанасының орталығында өтуінің де өзіндік мәні бар. Абай алғашқы болып Пушкиннің біртуар шығармаларын қазақ тіліне аударды. Оның шығармашылығының арқасында Лермонтов, Гёте, Байрон, Шиллердің және басқа да еуропалық мәдениеттің көптеген көрнекті өкілдерінің шығармалары қазақ тілінде сөйледі. Ендігі жерде Мәскеуде Абай ескерткішінің болуы – бұл өткенге құрмет көрсету ғана емес, ең әуелі – Қазақстан мен Ресейді бір-бірімен байланыстыратын түгесілмес тарихи табыстар мен сәулелі үміттердің нышаны болып табылады".
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан дипломаттары осы шара аясында ескерткіш пен оған тиесілі аумақта аббаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Мәскеудің Чистые пруды жерінде орын тепкен Абай ескерткіші Қазақстанның Ресейге жасаған сыйлығы болып табылады. Оның салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен 2006 жылы 4 сәуірде өткен болатын.
Ескерткіш қазақстандық мүсінші М.Айнеков пен дизайнер Т.Сүлейменовтың жобасы негізінде бір топ мүсіншілер мен сәулетшілердің күшімен жасалынды.