Білім гранттары көбейді
2017 ж. 10 тамыз
3868
5
2017 жылдың білім гранттарын тағайындау қорытындысына байланысты бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз мәслихаты өтті. Оған Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Вице-министрдің айтуынша, соңғы бес жыл ішінде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өскен.
Мысалы, бакалавриат гранты былтырмен салыстырғанда 6230 орынға көбейіпті. Осылайша, 2017-2018 оқу жылына білім гранттарының саны 37 932 грантқа ұлғайған. Оның ішінде 35 082 грант – І курсқа қабылдау үшін, 2850 орын – жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне бөлінген. Б.Асылова мемлекеттік білім беру тапсырысы берілген жоғары оқу орындарының тізімі де кеңейтілгенін атап өтті.
Жалпы, білім грантын тағайындау конкурсына 63 169 адам қатысқан. Оның ішінде 49858 жас – қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 13 311і – орыс тіліндегі оқуға тапсырған. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберінде де арнайы квота бар. Осы квоты иелену үшін 9 148 адам өзара бәсекеге түскен.
Білім гранттарының тізімі 14 тамыз күні «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады. Сондай-ақ, грант иегерлерінің тізімі Білім және ғылым министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайттарында орналастырылады.
http://www.qazaquni.kz/2017/08/10/73408.html