Қазақтың зиялы қауымы өзбектерді неге мақтан тұтады?
2017 ж. 08 тамыз
2854
3
Қазақ жазушылары мен мәдениет қайраткерлері Өзбекстанның ұлт саясатын Қазақстан үшін мақтан және үлгі тұтады. Ол көп жағдайда қисынды, бірақ Өзбекстанның экономикалық саясаты көңілден шықпайды. Кәрімов саяз қайраткер болды. Ол нарықтық реформа жасамады, керісінше нарықтың көріністерімен күресті. Нәтижесінде Өзбекстанның ішкі жиынтық өнімі Қазақстаннан 4.2 есе кем болды.
Бұл туралы белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали "Қазақ үні" ұлттық порталы тілшісіне хабарлады.Қазақстанда Қажегелдин – Назарбаев реформалары 1990-шы жылдардың ортасында сәтті өтіп, біздің ел нарықтық қатынастарға көп кідірмей өтті. Орыс, украин, немістер өз ата мекендеріне қатты көшкендіктен Қазақстан жұртшылығы біраз азайып қалды.
Бұл біздегі реформалардың «шоковая терапия» әдісімен жүргенінің куәсі. Халық тұрмысы сол жылдары қатты төмендеген. Колхоз-совхоздар ыдырап фермерлік шаруашылық және агрокорпорациялар пайда болды.
«Артық жұмыс қолдар» Ресей, Германия, Украинаға көшіп жатты. Экономикалық реформалардың нәтижесінде 4 миллиондай басқа ұлт өкілдері көшіп кетсе, 1 миллиондай қазақ көшіп келді. Кеңес Үкіметі дәуірлеп тұрған тұста 1970-ші жылдардан бастап демографиялық жолмен қазақтана берген Қазақстан егемендік жылдары қазақтың этнодемографиялық басымдылығына жетті.
Өкінішке орай, сол тұстан бүгінгі күнге дейін билікте орысшылдар жиналып ұлттық үрдістер тежеліп отырды.
Сонымен, Өзбекстанда халық саны 32 миллионға жетті, ал Қазақстанда жұртшылық саны 18 миллион болды. Солардың 71%, яғни 13 миллионға жетер-жетпесі қазақтар.
Нарықтық қатынастарды тоқтату мүмкін емес еді. Колхоздар тарағанда көптеген адам жерсіз және жұмыссыз қалды. Сол себептен 5 млн өзбек Ресейде қаңғып жүрді. Алдымен Өзбекстаннан орыстар мен қырым татарлары (300 мыңдайы) Украина мен Ресейге қашты, соңынан қарақалпақ (150 мыңдай) Қазақстанға көшті. Қазақ тегі бар өзбектер қазақпын деп Өзбекстаннан оралды. Сонымен бірге Қазақстан өзбектерінің бір бөлігі Өзбекстанға көшіп барып келді. Сөйтсе Өзбекстанның жағдайы біздің өзбектерімізге жақпады. Есесіне біздің өзбектердің бизнесі Қазақстанда жақсы жүрді.
Өзіміздің бір бай бизнесмен өзбегіміз Өзбекстанда бірнеше алдынғы қатарлы үй сатып алыпты, бірақ бірде-бір баласы онда тұрғысы келмепті.
Қарақалпақ Ұлт пен Ел бола алмады - олар да "үлгілі ұлт" - қазақ болғысы келді. Кезінде Нөкісте үлкен сот процесі өтті- қазақтыққа қайтқандарды ұстады. Бұл үрдістің позитивтік жағы болды: Қазақстанға келген барлық қазақтың алдымен 61%, ал кейіннен 64% Өзбекстаннан келген қазақтар болды. Мәселен, Қаскеленде кезінде қазақ аз болатын, кейін бұрынғы казак станицасын "Қарақалпақстан" деп біраз уақыт атайтын болған. Соншалықты оралман ағайынның бұл елді-мекенде көп болғаны. Өзбекстанның қышлақтарында өзбектедің Ресейге жаппай көшу үрдісінен еркек кіндік қалмады. Есесіне ол латинницаны еңгізді, бірақ халық оны қабылдамады.
Әзімбай Ғали, Қазақ үні