Елді зар қақсатқан алаяқ Сандуғаш ақыры сотталып кетті
2017 ж. 08 тамыз
11056
6
Бүгін Астана қаласындағы Есіл аудандық соты құдағилар арасындағы жанжалға нүкте қойды,- деп жазды Stan.kz сайтының тілшісі. Туған қызы мен құдағиының шағымынан кейін істі қараған сот « Сандуғаш Жұмабек сот залынан қамауға алынсын» деген үкім шығарған.
[caption id="attachment_176532" align="aligncenter" width="650"] Сурет Сандуғаш Жұмабектің парақшасынан алынды.[/caption]Гүлсара Насирова есімді Астана тұрғыны туған келінінің шешесін «пәтерімді сатып, ақшасын бермей қоды» деп сотқа арыз түсірген болатын. Әнші Сандуғаш Жұмабекке тағылған бұл айыпты оның туған қызы Әсем Мұқатай да растаған еді. Сотта анасының алаяқ екенін айтып, қарсы күәлік те берген еді.
Сандуғаш Жұмабек бүгін сот залынан абақтыға кетті. Істі қараған төраға оған 5 жыл жаза мерзімін кесті. Қылмыскерді сот залынан қамауға алу туралы үкім шығарған. Сандуғаш Жұмабектің қорғаушысы алдағы 15 күн ішінде сотқа апелляциялық шағым түсіре алады.
Келіні мен енесінің шағымы бойынша жұмыс істеген заңгер Айгүл Орынбек танымал әншіден зардап шеккендер қатары күн санап көбейіп жатқанын айтты.
«Басында бұл кісінің кінәсі дәлелденуіне күмәнмен қарағандар көп болды. Олар сотқа арыздануға да қорықты. Төраға әділ үкім шығарғаннан кейін Сандуғаш Жұмабекке алданғандардың арыз саны көбейе түсті. Олар өз оқиғалары бойынша шағым түсіріп жатыр»,-деді заңгер Айгүл Орынбек.
Ал әншінің туған қызы анасын қамау бойынша үкім оқылған кезде тек шындықты жақтайтынын айтыпты.
Сандуғаш Жұмабек болса туған қызы отбасын яғни күйеуі мен оның туыстары арасындағы қарым-қатынасты сақтау үшін өзіне қарсы шыққанын жазған.
«Ақ кенжем, періштеме өкпем де ренішім де жоқ… Ақиқатты біледі… Түбі түсінеді… Отбасын сақтау үшін осы да дұрыс шығар… Ана… Ол ана… Мәңгілік жүрегі жұмсақ, мейірім төгіп тұратын… Қашан келсең де, қандай жағдай да құшағым ашық! Саған өмір сыйлап, оны өз қолыммен өшіре алмаймын… Мәңгілік мен үшін жарық жұлдызым, жағадағы құндызымсың.
Ең бастысы бар ақиқатты білесің. Жасың келе, ақыл кіре ойланарсың… Бірақ өкпем де, ренішім де жоқ… Мәңгілік мен үшін кіп-кішкентай Әсконтайым, потанайым болып қала бересің, құлыным! Күтемін… Ораламын десең есігім де құшағым да ашық»,-деп жазған әнші Сандуғаш Жұмабек.
[caption id="" align="alignright" width="198"] А. Орынбек[/caption]“Осы іске атсалысқан барлық достарыма рахмет. Қуанышымда шек жоқ. Біреудің қайғысына неге қуанады дейтін шығарсыздар? Бірақ соттың әділетті шешіміне неге қуанбасқа?”,- деді Сандуғаш Жұмабектің қолына сот залында кісен салынғанын айтқан заңгер Айгүл Орынбек..
Оның айтуынша, Сандуғаш .Жұмабек алаяқтықпен әр қаладан 14 пәтер, оралмандардан 2 миллион доллар алған. Оралмандарды үй, азаматтық алып беремін деп алдапты.
“Астананың өзінде 200-300 миллиондай қарызы бар”,- деді заңгер.
Айгүл Орынбекттің айтуынша, енді Сандуғаш Жұмабекке қатысты адам саудасы бойынша да іс қозғалуы мүмкін. Сонымен қатар, келіншек атақты адамдарды жалаңаш күйінде суретке түсіріп алып, бопсалаған көрінеді.
Бұдан бөлек әнші өзін қолдайтындарға оқиғаның мән-жайын айта отырып, барлығына құдасы Насиров Бектұрсынды кінәлайтынын түсіндірмекші болған.