Алматыда қытайларға қызмет көрсеткен жезөкшелер ЖОО студенттері болып шықты
2017 ж. 04 тамыз
3934
2
Полиция рейд жүргізгеннен кейін бөлімшеге жеткізілген 47 жезөкшенің арасында Жоғары оқу орнының студенттері болған, — деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.
Полиция рейді Нұрмақов көшесіндегі «GC» караоке-клубында жүргізілген. Сонымен бірге, караоке клубының иелері де жеңгетайлық бойынша күдікті ретінде ұсталды, депті ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Мұның алдында клуб клиенттерінің көпшілігі Қытай азаматтары, кейін кореялықтар мен жапониялықтар екені белгілі болған.
БАҚ мәліметі бойынша, клуб Цой отбасына тиесілі. Күйеуі — клуб иесі, ал әйелі іс жүргізген. Полиция мәліметі бойынша, клубта жұмыс істейтін қыздар «хостес» ретінде қызметке алынғанымен шетелдіктерге интм-қызмет көрсетіп отырған.
Бұл клубтың ас мәзірінде ең арзан сусын бағасы 70 мың теңге. Қазіргі кезде бұл іске қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабының 2-тарауы бойынша тергеу жүріп жатыр.