Даниал Ахметов аудан әкіміне көл жағасында тұруды бұйырды
2017 ж. 03 шілде
2640
1
Сібенің үшінші көлі Астана күні қарсаңында халық игілігіне берілмек. Аймақ басшысы Даниал Ахметов аудан әкіміне осындай тапсырма берді, - деп хабарлайды altaynews.kz.
-Қажет болса осында қона жатып жұмыс істеңіз. Ауданның өзге шаруаларын орынбасарларыңыз атқарсын. Ал сіз осында тұрып, басы-қасында болыңыз,-деді әкім.
Өткен жылы осы Шалқар көлін қоғамдық жағажай ретінде абаттандыру үшін бірінші кезеңде 50 млн теңге бөлінген болатын. Жағалаудағы жұмысқа көңілі толмаған Д.Ахметов асфальт жолдан көлге дейінгі аралықтың жолын тегістеп, жағалауға 30 см қалыңдықта құм себуге «Облшығысжол» мекемесін тартуды тапсырды. Ал аудан әкімдігі алтыншы шілдеге дейін жағалаудан көлге түсетін қалқыма соқпақты сапалы материалдан орнатып, қамыстан арылтуы тиіс.
Жағажайға кіру ақысыз болады.