АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ
2017 ж. 24 маусым
2060
0
Табиғи апаттардың салдарларын алдын алу шараларын жоспарлау әдістемесі қайта қаралуы тиіс. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
«Біздің азаматтар қайғысымен жалғыз қалмауы керек. Мемлекет төтенше жағдайлардың салдарынан жапа шеккен азаматтарға көмек көрсетіп, бұл үрдісті жалғастыратын болады. Уақыт көрсетіп отырғанындай, мемлекеттің табиғи апаттар салдарларын алдын алу жүйесінде олқылықтар бар, оны жоюымыз керек. Біздіңше, табиғи апаттардың салдарларын алдын алу шараларын жоспарлау әдістемесі қайта қаралуы тиіс. Бұл әдістеме қолда бар проблемаларды талдау барысында, жағдайды жоспарлау негізінде және міндеттерді кешенді шешу жағдайында құрылуы шарт», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Сенатының азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған қоғамдық тыңдауда. Сенат төрағасы теxногенді апаттарға қатысты көзқарас Ойкогам декларациясының үндеуімен, яғни «апаттың салдарларымен күрескенше – оны алдын алған дұрыс» сәйкес болуы керектігін айтты. «Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға төтенше жағдайларды алдын алу шараларына бюджеттен қаражат қарастырулары қажет. Ал форс-мажор жағдайларда олардың салдарларын жоюға ақша бюджетте көрсетілгені ләзім. Азаматтық қорғаныс сынды мемлекеттің маңызды саласы тиісті деңгейде қаржыландырылуы керек деп санаймыз, сенаторлар ІІМ-нің құтқару жасақтарын бюджеттен тиісті деңгейде қаржыландыру үшін қолдау жасайды деп ойлаймын», – деді Қ. Тоқаев.
qazaquni.kz