Талғат Мамашевтың Қауымдастықта отыра беруі тарихи қателік!
2017 ж. 22 маусым
5076
25
Қытай телегейіне миллион қазақ батып, ғайып болу қаупі тұр.. Дәл осындай сын сағатта, қыл үстінде тұрған бір халықтың тізгінін Талғат Мамашевке беріп қою тарих алдында жауап беретін Үлкен қателік.
Қытайдың қорқақ, үркек қазағын одан армен қытай билігі құлдандырып бара жатыр.. Тіпті тұяғын тырып еткізбей жіпсіз байлап, үнін өшірердей ежелгі сіңістіру механизмын ашық қолдана бастады.
Адамдық құқың ашық қорланып, қысым күн сайын құтырынып барады.. Өте мол кінасіз адамдарды түрлі қысыммен қамауға алып, азаматтық құқына қол сұққан. Олардың бар жазығы қазақ еліне келгендігі, баласын оқытқаны, осында келіп кеткені. Дінді айтпай ақ қой, ұлттық дәстүр дегені үшін шұғыл қамауға алынып жатқандар тіптен көп. "Жұма қабыл болсын" дегені үшін жастарды соттау белең алып, молдалар шетінен қамауға алынып жатыр. Қазаққа жүргізілген репрессияның басылар түрі жоқ. «Екібеткей», «Қос жүрек» деген сияқты түрлі айыптар тағылып, психологиялық тәрбиелеу мырза қамақтары арқылы оқыту жұмыстары жүріп жатыр.. Айта берсе сөз көп, бір шағын мақаламен барін айту мүмкін де емес. Жаралы қандастардың мұңын айта беріп қайтеміз, жауырды жаба тоқысақ та, аз да болса емін айтайық.
Тоқ етері, шеттегі қандастарымызға осындай басына бұлт үйіріліп тұрған кезеңде жауабы мен сауабы мол жұмысты дарыны мен жалыны жоқ біліксіз біреуге беріп қою қазаққа қиянат…
Елбасымыз Н.Назарбайға мүмкіндікті қайтсек те тауып, қытай қазағының қатты қысым көріп жатқанын жеткізу керек. Сол бейуаз қазақтарға жаппай жүргізіліп жатқан қысымды тоқтатуға ықпал етуын сұрауымыз керек. Алланың қалауымен, халыққа құдай үшін көмегімізді тигізетін мүмкіндікті осы кезде табуымыз тиіс.
Ұлы көштің тізгінін «Оралманды ұрғаным бар» деп отырған кертартпа біреуге ұстату дұрыс емес. Алысты жақындататын, жақынды жарылқайтын дарынды ұлттық қаны бар азаматтар керек. Әлихан Бәйменов, Дос Көшім, Тұрсын Жұртбай сияқты ұлтшыл саяси тұлғалар осы орынға ылайық. Ықылас Ожай досым айтпақшы» сиырға табынудың дұрыс емес екенін түсіндіру үшін тағы төрт мың жыл керек пе?!» дегеніндей тірлік қой бұл...
Ертең өтетін Дүниежүзі қазақтары құрылтайында Мамашевты ауыстырып, тізгінді дарынды қазақ деген тұлғаларға беру керек
Серік Боқан,
Дереккөз: gu-gu.kz