РИКА ТІЛШІСІ Л. САКИЕВАНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒА БЕРІЛУІ ТИІС
2017 ж. 05 маусым
6962
10
ҚР Бас Прокурорының назарына
Ақтөбедегі РИКА ақпарат кеңістігі мен бизнес желілерін ұстап отырған медиа топтың тілшісі Ляззат Сакиева тарапынан «өзінің қызметтік сұхбаты аясында» (ҚР қылмыстық Кодексінің 141 бабының 2 тармағы), қазақ азаматы Фархад Досмұратовтың «тегіне, нәсіліне, ұлтына қарай кемсітушілік» (ҚР-сы Конституциясының 14-бап, 2-тармақ), және «бүтін бір халықтың ар-намысына тиетін» ауыр сөздер айтқаны және «нәсілдік, ұлттық астамшылықты» уағыздайтын «дискриминация» мәселесін көтергені үшін тілшінің үстінен құқықтық шара алынуы тиіс. Бұл жөнінде соңғы күндері БАҚ құралдарында, әлеуметтік желілерде көп жазылды. Ұлттық мүдде, ұлттық намыстан биік тұратын ешқандай мұрат жоқ. Саяси тұрғыдан алғанда тілші Ляззат Сакиеваның ісі жүгенсіздік, азаматтық намысымызды қорлау. Сондай-ақ, Ляззаттың сөзінде Қазақстан халықтарының татулығы мен бірлігіне, ынтымақта өмір сүруіне сына қағатын қарекет барына назар аудару қажет деп есептеймін. Мұны аяқсыз қалдыруға болмайды. Көпшіліктің бұл наразылығы ҚР Бас Прокурорының, Ақтөбе облыстық прокурорының назарына алынуы тиіс. Осы мәселеге байланысты Мәлімдеймін: 1. Рика телеарнасы ФАКТ бағдарламасының жүргізушісі, тілшісі Ляззат Сакиеваның «астамшылық» әрекетіне байланысты - қоғам белсенділерінің қатысуымен «арнайы комиссия» құрылсын. Комиссия құрамына саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, заңгерлер, облыстық ішкі саясат басқармасы және жергілікті «Ұлттар ассамблеясындағы» диаспора өкілдері де тартылсын. 2. ҚР азаматы ретінде оны жауапкершілікке тартып, оның іс-әрекетіне ҚР-сының «әкімшілік, қылмыстық кодексі» тұрғысынан құқықтық баға берілетін болсын. 3. Комиссия қорытындысының көшірмесі жергілікті қоғамдық ұйымдар мен Ақтөбе облыстық Әкімі мен Прокуратурасына жіберілсін. 4. Алдағы уақытта мұндай «астамшылықты» қайталамау үшін комиссия жұмысының нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа жария етілсін.Нұрлыбай ҚОШАМАНҰЛЫ, ҚР Журналистер Одағының мүшесі:
Ақтөбе қаласы.
04.06.2017.
Qazaquni.kz
http://www.qazaquni.kz/2017/06/05/70458.html http://www.qazaquni.kz/2017/06/01/70244.html