Пантеонға жерлену арманың болса, "Еңбек ері" бол, не әкім бол...
2017 ж. 03 маусым
3405
3
Оншақты ақын-жазушы ойда-жоқта бір кафеде бас қосып қалыпты. Жеткілікті мөлшерде "сусынға", оншақты түрлі қуырдаққа тапсырыс береді. Онда істейтін аспаз жігіт те әдебиетке құмар екен, тамақ жасаудың әредігінде, қайта-қайта қонақтардың қасына келіп алып, бастабында әңгіме тыңдап отырады.... Қыза келе "Негізі Сәкен Сейфуллин...." деп бастап, ұзаққа шауыпты.
Сонда тапсырыс берген тамақтары әлі толық алдарына келмегеніне жыны келген бір ақын:
- Оу, Сәкенде нең бар, бауырым, Қуырдағыңды қуырсаңшы.., - деп манағы аспаздың міндетін есіне салған екен...
Сол айтпақшы, біз де, боларымыз да, болмасымыз да, түсініп те, түсінбей де мемлекеттің саясатына жөні жоқ араласып, келсе-келмес сынап-міней беретін болдық. Данышпан Мақтымқұлының "Мақтымқұлы, шақтап сөйле бойыңа..." дегеніней, осы шоқпарды менің белім көтере ала ма, осы сөз менің "бойыма" лайық па..... демейтін болдық.
Не болып барамыз?! Қайда беттеп барамыз?!
Соның бір мысалы, кешелі бергі ұлттық Пантеон төңірегіндегі дау-дамай...
Пантеон бүгінде көптеген өркениетті елдерде бар құбылыс. Қазақ тарихында да болған. Не болды түге, соншама, соған бола керілдесіп?!
Мемлекет осылай шешіпті, кімді жерлеу туралы қаулы шығарыпты. Бопты, лайық деген тұлғалар барсын, жатсын.
Қалғандардың сүйегі жердің бетінде көмусіз қалады немесе өртеледі.... деп жатқан біреу бар ма?! Әлде Пантеонға жерлену Сенің де арманың болса, жатпай-тұрмай еңбектеніп "Еңбек ері" бол, Астана қаласына әкім бол...
Қысқасы, Сіз бен біздің ОСЫ ПАНТЕОНДА НЕ ШАРУАМЫЗ БАР?!
Дүкен Мәсімханұлы,
Фейсбук парақшасынан