Қылмыскерлер имамның отбасын аяусыз қырып салды
2017 ж. 23 мамыр
4664
0
Нигерияда қылмыскерлер имамды отбасымен бірге өлтіріп кетті, деп хабарлайды muslim.kz. Vanguard Nigeria басылымының хабарлауынша, Иджебу-Оде қаласында 35 жастағы имам, шейх Юсуф Амзат-Салям, оның әйелі және төрт баласы қылмыскерлер қолынан көз жұмған.
Имамның 11 жастағы қызы, 8 жасар егіз ұлдары және 2 жасар сәбиі қылмыс құрбаны болды. Қазір жантүршігерлік оқиғаға байланысты қылмыстық тергеу ісі жүргізілуде. Қандықол қылмыскерлердің бұл әрекетінің себебі әзірге ашылмаған. Болған уақиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ қылмыскерлердің аты-жөндері де анықталмаған.
Нигерия ақпарат құралдарының мәліметінше, имамның отбасында орын алған жағдай елдің әбігерін алып, қабырғасын қайыстырған. Жергілікті мешіт жамағатының имамға деген құрметі жоғары болған және оны ізгі адам ретінде ғана таныған.