Қайрат Нұртастың анасы келінін неге көпшілікке көрсетпей жүргенін айтты
2017 ж. 22 мамыр
11647
5
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова «Астана» телеарнасындағы ">«Сырласу» бағдарламасында қонақта болып, өзі туралы, отбасы туралы, әнші Қайрат Нұртас туралы көптеген сұрақтарға жауап берді.
Бұл туралы «Қазақ үні» ұлттық порталы хабарлайды.
Продюсер сұхбат барысында өзінің келінін неге елден жасырып жүргені туралы ашып айтты.
- Маған да оңай емес. Неше түрлі жағымсыз сөздер айтады. "Кобра" екенсіз дейді. Осы уақытқа дейін қанша сұхбаттар болды, қинап жатады. Бірақ, ел басымыздан қанша жайт өткенін білмейді. Небір жағдайлар болды. Халық біреуін білсе, біреуін білмейді. Қайратқа қанша жаман нәрселер жасалынды. «Прайм плазада» болған жайттан бастап, үйін торуылдағанға дейін», – деді ол.
Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, журналист әр сөзін бұрмалағасын бұл қадамға қасақана барған. Бірақ, продюсер жуық арада Қайраттың өз отбасы туралы неге сұхбат бермейтінін ашып айтуға уәде етті.