Қазақстанмен бірге Моңғолия да кириллицадан бас тартпақшы
2017 ж. 13 мамыр
2495
16
Моңғолия 2025 жылдан бастап көне моңғол жазбасымен іс жүргізуді жоспарлап отыр. Елдегі орта мектептерде көне жазбаны 1991 жылдан бері жеке пән ретінде үйретіп келеді.
Бұл әліпбиде 28 әріп бар, сөздер жоғарыдан төменге қарай жазылады деп жазады Centralasian.org.
Тарихи мәліметтерге қарағанда, көне моңғол жазбасы Шыңғысханның тапсырмасымен дайындалған. Оны Тататунгой ұйғыр жазуы негізінде әзірлеген. Орта ғасырларда "Құпия жазба", "Алтын жазба", "Құндылықтар қазынасы" еңбектері, сондай-ақ қасиетті саналатын "Ганжур" және "Данжур" кітаптары көне моңғол тілінде жазылды.
Қазіргі моңғол тілінің әліпбиі кириллицаға негізделген, оған 1940 жылы Орталық Азиядаға республикалармен бір уақытта көшкен. Бұл мемлекеттер 1929 жылы араб қарпінен латынға өтіп, кейін кириллицаны таңдаған еді.
Айта кетейік, бұл ретте Қазақстан да кирилл әліпбиінен бас тартып, латынша жазу үлгісіне көшуді жоспарлап отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің соңғы мақаласында бұл туралы ашып айтты.