Елордадағы Тәуелсіздік алаңында Қазақстан Қарулы күштерiнiң 25 жылдығына арналған әскери парад өтiп жатыр. Ел тарихындағы ең ауқымды шерудi Елбасы – ҚР Қарулы күштерiнiң Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz.
Назарбаев - Бiз қазiргi заман талаптарына сай айбынды әскер жасақтадық
2017 ж. 07 мамыр
1697
0
«Тәуелсiздiк жылдары әскерiмiз бес қаруы сай, заманауи үлгiдегi айбынды армияға айналды. Сарбаздарымыз бүгiнде – Ұлы даланың сенiмдi қорғаны, азаматтығымыздың қыраны. Бiз қазiргi заман талаптарына сай келетiн әлеуеттi әскер жасақтадық. Ел қауiпсiздiгiнiң басты бағыттарын қолға алып, әскери доктрина да қабылдадық. Жауынгерлерiмiз жердiң әр түпкiрiнде бiтiмгершiлiк миссияларын абыроймен атқарып шықты. «Жауынгерлiк тәрбие әскери киiммен емес, жөргектен басталады» деп батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқан болатын. Жерiнiң қауiпсiздiгiн, елiнiң тыныштығын қорғау – әр азаматтың қасиеттi парызы, абыройлы мiндетi. Сiздер шекара бүтiн болу үшiн қалтықсыз қызмет етiп келесiздер, соның арқасында бiздiң қасиеттi жерiмiз сенiмдi қорғалуда», - деген Мемлекет басшысы барша қазақстандықты мерекелермен құттықтады.
Бүгiн қазақстандықтар алғаш рет 2016 және 2017 жылдары әскеріміздің жауынгерлiк арсеналын толықтырған отандық және шетелдiк өндiрiстiң су жаңа әскери техникасын, қару-жарақтың жаңа үлгілерін өз көздерiмен тамашалау мүмкiндiгiн алды. 2017 жылғы әскери парад қазақстандық армияның ең iрi маршы болмақ. Алаңда шамамен 26 жаяу әскер парадтық есептоп құрамында 5 мыңнан астам әскери қызметшi салтанатты маршпен жүрiп өттi. Көзтартарлық шараға 300-ге жуық әскери техника мен қару-жарақтың заманауи үлгiлерi тартылды. Қазақстандық авиацияның қуаты мен жауынгерлік әзірлігін көк аспанда еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің 70 жуық авиациялық техникасы паш еттi.