БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ БАСТЫ НАЗАРДА
2017 ж. 04 мамыр
2006
0
[caption id="attachment_68863" align="aligncenter" width="700"] Сенатор Дариға Назарбаева бұқаралық спортты дамыту бойынша депутаттық ұсыныстарын жариялады. Сенаттың жалпы отырысында «Дене тәрбиесі және спорт мәселелері бойынша ҚР-дың бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып, екі оқылымда қабылданды.[/caption]
«Соңғы жылдары депутаттар бірнеше рет Президенттік тестілеуді қиындық дәрежесіне қарай бірнеше санатқа бөлу туралы ұсыныстарды көтерген болатын. Бұл қадам адамдардың спорттан алшақтамауына, аталған тестілеу алдында үрей туғызбас үшін қажет», – деді сенатор. Депутаттар Мәдениет және спорт министрлігіне ҚР Қаржы министрлігімен бірлесе кәсіби, мамандандырылған және бұқаралық спортты қаржыландыру бойынша бюджеттік бағдарламаларды бөлу мәселесін қарастыруды ұсынып отыр. Сонымен қатар кәсіби спорт клубтарына, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне салықтық жеңілдіктер бергенді жөн санайды. Мұнымен қоса, спорт санаттары бойынша пайыздық деңгейде бюджеттен қаржыландыру көлемін айқындау мәселесі атап өтілді. Бұл тұрғыда бұқаралық спортқа 30 пайыздан кем емес деңгейді белгілеу ескерілген. Д. Назарбаева мектептерде спортқа баулу сабақтарында біркелкілік жоқ екенін атап өтті. Осы орайда мектепте спортты дамытудың бағдарламасын әзірлеу мен спорт түрлері бойынша тізімді бекіту ұсынылды. Белгілі болғандай, мектептердің 60 пайызында дене шынықтыру бойынша сағаттар санын арттыру үшін жағдай жоқ.
Бұл бұрыннан өткір тұрған мәселе. Спорт кешендерін жекешелендіріп алғандар оның қызмет көрсету құнын көтеріп, қарапайым отбасынан шыққан талантты балалардың жолын кесіп тастаған. Ал, шын шеберлер сол халық ортасынан шығатыны да ақиқат. Олай болса спорт баршаға қолжетімді болуы керек, оның бұқаралық сипат алуына назар аударған жөн.
qazaquni.kz