Астанада 20 жастағы қыз 21-қабаттан құлап кетті (ФОТО)
2017 ж. 04 мамыр
2658
0
Астанада 20 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бауыржан Момышұлы даңғылында дененің табылғаны жайлы хабарлама полицияға 3 мамырда шамамен сағат 19.30-да келген. Қыздың аты-жөні анықталды, оның 1997 жылғы екені белгілі болды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") тіркелді. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Астана қалалық ІІД ресми өкілі Софья Қылышбекова.
Нақтыланған мәліметтерге қарағанда, қыз 21-қабаттан құлап кеткен.