«Баян зина жасады, сондықтан сабадым». Бақытбек Есентаев ағынан жарылды (фото)
2017 ж. 02 мамыр
31549
66
Әлеуметтік желіні шолып шығыңызшы. Баян туралы жазбағандар кемде-кем. Біреуге ұнайды, біреу жек көреді бұл әйелді, - деп жазады kaz.365info.kz.
Баянның бұрынғы күйеуі Бақытбек сотталып кетті. Әйелін сабағаны үшін. Қан-жоса қылған. Баян жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты.
Бір қызығы, алғаш Баханы жазғырған жұрт, қазір оған жақтасып жатыр.
Түрмеде жатқан Бақытбек Есентаев ағынан жарылды
Оның қорғаушысы Бекболат Жексейітовтің айтуынша, Есентаевтың жазасын жұмсарту қажет. Бұған бірнеше себеп бар. «Еркектер түсінуі тиіс» дейді Баханың қорғаушысы.
Бұл туралы ол Today.kz-ке берген сұхбатында айтып беріпті.
Жексейітовтың сөзінен мынаны түсіндік. Күні кеше Баянның өзі бұрынғы күйеуінің үкімін қайта қарау туралы Жоғары сотқа өтініш жіберген. Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы да сөйтіпті. Осылайша жазаны жұмсартпақ екен.
«Біз соттың «адам өміріне қауіп төндірді» деген шешімін өзгертпекпіз. Бақытбектің ондай ойы болған жоқ» дейді Жексейітов.
Себебі бар…
Айтуынша, Баха қылмыс жасауын, жасады. Бірақ, оның сипатын өзгерту керек — Қылмыстық кодекстегі 106 баптың «Денсаулыққа ауыр зардап келтіру» деген 1-тармағына өзгерткен жөн.
«Бақытбек мұндай қадамға бостан-босқа барған жоқ. Бұл арада Баянның жүрісін ескеру керек. Ол тұрмыста бола тұра, басқа еркекпен кездесіп жүргенін мойындаған. Ал мұндай кездесулердің мәні мен мақсаты және қалай аяқталатыны белгілі.
Демек, ол күйеуінің көзіне шөп салған. Оны сотта өзі де мойындады. Бірақ, сот мұны назарға алған жоқ.
Сондықтан Бақытбектың жазасын жұмсартып, шартты түрде бас бостандығынан айыру қажет. Ендігі шешімді Жоғарғы сот қабылдайды», — деді Есентаевтың қорғаушысы.
Жексейітовтің айтпағы бұл ғана емес.
Ол Бақытбектің тергеу барысында бір де бір рет өтірік айтпағанын тілге тиек етіпті. Тергеу жұмыстары мен кейінгі сот процесі барысында Есентаев «әйелімді өзге еркекпен ойнас құрғаны үшін ұрып-соқтым» деуден таймаған.
Жексейітов өз қорғауындағы Есентаевтың нақты не дегеніне дейін айтып беріпті.
«Алғашқы сот инстанциясында менің қорғауымдағы Есентаев бірден ағынан жарылды. «Әйелім зина жасады, көзіме шөп салды. Осы себепті де ұрып-соқтым оны.
Алайда онымен ойнас құрған адамның атын атағым келмейді. Себебі, оның да отбасы бар. Әйелімнің жеңіл жүрісі үшін оның отбасы бүлінгенін қаламаймын…».
Иә, Баха осылай депті.
Баян
Баян былтырғы жылдың 10-маусымында таяқ жеген. Күдікті ретінде байы Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Содан бері, көп дүние өзгерді.
Баян белгілі бизнесмен Тұрсынғали Алагөзовпен «махаббат» боп жүргендерін күні кешеге дейін жасырып келді. Ол Тұрсынғалиға тұрмысқа шықпақ.
Ал оның бұрынғы күйеуі түрмеде. Баханың түрмеде жатқаны Баянға маза бермей жүр, құдай біледі. Әлеуметтік желідегі қауым сыншыл ғой.
«Баян, тыныш ұйықтай алмай жүр. Баха түрмеден шықса, біраз былықтың беті ашылады», дейді жұрт.
Шыны керек, біреудің өмірінде шаруамыз жоқ. Бірақ, Баянның әрекеті басқа қарындастарға үлгі болмаса екен дейміз.