Билік қайда қарап отыр? - Су тасқынынан зардап шеккен 10 жастағы қыздың жанайқайы (ВИДЕО)
2017 ж. 19 сәуір
3300
9
Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жастағы қыз билікке үндеу айтты, - деп хабарлайды "Диапазон"-ға сілтеме жасап tengrinews.kz.
Ешімовтар отбасы су тасқынынан баспанасынан айырылып отыр. Шешесі Тұрғангүл Ешімованың айтуынша, күйеуінің жүрегі әлсіз және ол үйінің қирап қалғанын әлі көрмепті. Басылымның мәліметінше, әйелдің кенже қызы Махаббат № 36 мектебінің төртінші сынып оқушысы екен. Ол мектеп формасынан, оқулықтарынан да айырылып, табиғи апаттан есеңгіреп қалған.
"Барлық кітабым үйде қалып қойды. Жоғалды. Билік қайда қарап отыр. Кітабымды қайтарған жоқ. Әкем кезекте жылдап тұрады, не пайдасы бар? Барлық затымыз сонда қалып қойды. Оқуыма алаңдадым, енді үйімізден де айырылып қалдық. Неге біз мұнда тұруымыз керек дейсіздер? Еңбегімізбен салған үйіміз еді", - дейді қыз видеода.
Қыз билікті лайықты көмек көрсетпеді деп айыптап отыр.
"Оқулық жоғалтсақ, қанша төлейтінімізді ескертіп айтқан. Неге сонша қинай береді? Көмектесер болса, құм алып келуі керек еді. Үйді тиындап ақша жинап, салған едік, су шайып кетті. Суға кетіп жатырмыз. Неге көмек жылдам келмеді? Әкемнің жүрегі ауырады. Кезекте тұрады, дәріге кезекте тұрады. Адамдарды аямайсыздар!", - дейді төртінші сыныптың оқушысы.
Қазіргі уақытта Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған комиссия құрылған. Материалдық көмек көрсеткісі келетіндер "Қолғанат Ақтөбе" қоғамдық қорының есебіне қаражат аудара алады.
KIWI әмиян: +77058202666 БИН 170240000585 ИИК KZ 819260101193016000 "Казкоммерцбанк" АҚ-да БИК KZKOKZKX.