Даниал Ахметов жәрмеңкедегі жалған бағалар үшін халықтан кешірім сұрады
2017 ж. 10 сәуір
2326
0
Даниал Ахметов ШҚО әлеуметтік жәрмеңкесінде болып қайтты және осы жәрмеңкеге жауапты тұлғаларды жазалайтынын хабарлады.
![Даниал Ахметов жәрмеңкедегі жалған бағалар үшін халықтан кешірім сұрады](https://i.onthe.io/pogudx1pc94a5qspqo.b875cc5f.jpg)
«Әлеуметтік жәрмеңкені халыққа тиімді баға болуы үшін ұйымдастырамыз. Халық айтса, расын айтады. Оларға өнімдер көрсетілген бағадан қымбат бағаға сатылады екен. Неге алдайды?
Шоу жасап, халықты алдаудың қажеті жоқ. Бұл үшін олар жазаланатын болады. Мен халқымнан кешірім сұраймын, өз қарамағымдағылармен тағы сөйлесемін. Әлеуметтік қолдау туралы еліміздің саясатының бұлай бұзылып жатуына жол бермеуіміз керек», - деді облыс әкімі.
Аталған жағдайды реттеуді аймақ әкімі өзінің орынбасары Дүйсенғазы Мусинге тапсырды.