Ғабидолла Әбдірахымов: Орыс тілі мұғалімдерін Ресейден алдырып, оларға жатақ салып беру керек
2017 ж. 07 сәуір
18574
79
Шымкентте орыс тілі және әдебиетінің мұғалімдері тапшы. Бұл туралы Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева кезекті жиналыстардың бірінде мәлімдеді, - деп хабарлайды oinet.kz.
«Қазіргі таңда қала мектептеріндегі 2,5 мың орыс тілінің мұғалімдері зейнет жасына жеткен. Бізде 18 бос орын бар, бірақ оқытушылар жоқ. ЖОО-мен келісішартқа тұрғанбыз, алайда оларда дәл осы мамандықты бітірген түлектер болмай тұр. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін еліміздің солтүстік өңірлерінен тартуға ұсыныс білдіремін»,- деді ол өз баяндамасында.
Қаланың бас ұстазы Жанат Арысбекқызының сөзін құптай кеткен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мамандарды тіпті Ресей мен Украинадан шақырту керектігін айтты.
«Егер қажеттілік туындап жатса мұғалімдерді Ресей мен Украинадан шақыртуға дайынбыз. Оларға арнап жатақхана да салу керек. Әр маманның жеке бөлмесі, ванна және ас бөлмесі болады»,- деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.