ШҚО-да магнитудасы 6,3-ке тең жер сілкінісі болды
2017 ж. 05 сәуір
2261
0
Сейсмикалық станция желісі 4 сәуір күні сағат 21:07-де жер сілкінісін тіркеді. Шығыс Қазақстанның Өскемен, Семей, Зайсан, Зырян жəне Аягөз қалалары аумағында жиілігі 3-6 балды құраған жер сілкінісі болды деп хабарлайды 24.kz.
Облыс орталығындағы жиілік 3-4 балды құраған. Сейсмикалық орталық мамандары табиғи құбылыстың діңгегі Алматы қаласынан 732 шақырым аумақтағы елдің солтүстік-батыс бөлігінде болғанын болжап отыр.
Ондағы жиілік 13,3 балды құраған. Тереңдігі – 10 шақырым. Төтенше жағдай департаменті мамандарының айтуынша, жапа шеккендер жоқ. Ал тағы бір меншікті тілшіміз Болат Көкенайұлының хабарлауынша, бірқатар көпқабатты үйдің тұрғындары бала-шағаларын алып, далаға шығып кеткен.