Мұхтар Шаханов "Халық қаһарманы" атағына лайық!
2017 ж. 04 сәуір
11743
54
Биылғы шілденің басында қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы, Елші, Ақын Мұхтар Шаханов 75 жасқа келеді .Шыңғырған шындықты айтып, шырылдап жүретін, шыжғырып бетке басатын Шахановтың ұлтқа сіңірген ұлы еңбегін ешкім жоққа шығара алмас. Желтоқсан шындығы, Наурыз мерекесі, Арал тағдыры, Ана тілі мәртебесі деп аттандаған намысқой ерлігі тарихта қалды.
Мұндай біртуар батыр азаматтың мерейтойына мойын бұрмай, есімін елеусіз қалдыру елдігімізге сын болар.
Сондықтан аты әлемге әйгілі ақын Мұхтар Шахановты "Халық қаһарманы" атағына лайық деп санаймын.