Әділет министрлігі азаматтық алу үшін ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН емтихан тапсыру керектігі туралы ұсынысты қарастыруға дайын
2017 ж. 03 сәуір
4620
7
Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің Қазақстан азаматтығын алу үшін емтихан тапсыру туралы ұсынысына ҚР Әділет министрлігі жауап берді. Бұл туралы Zakon.kz-ке сілетеме жасап "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
«Бұл өте қызық ұсыныс. Көп елдің тәжірибесінде бар. Бірақ, бізге бұл мәселені түбегейлі талқылап, артық-кем тұстарын таразылау керек. Қазірше Әділет министрлігінің бұл ұсынысқа қатысты ойы мен ұстанымы туралы айту ертерек», - деді ОКҚ өткен брифингте ведомство өкілі Олжас Рамазанов.
Бұған дейін хабарланғандай, "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Мәжілістегі пленарлы отырыста Қазақстан азаматтығын алу үшін Қазақстан тарихы, мәдениеті мен қазақ тілінен емтихан тапсыру қажеттігін енгізу туралы ұсыныс айтқан болатын.