Дәніккеннен құныққан Ізғұловтың жолын кесер кім бар?
2017 ж. 20 наурыз
1978
0
Құрметті отандастар! Мен, атам-әкем сияқты, кәсіби теміржолшы Алдаберген Аймағамбетов, Ақтөбе темір жолы бөлімшесіндегі былықтарды заң қадағалаушы органдарға жеткізгенім үшін, Ақтөбе темір жолы бөлімшесінің басшысы Жарас Ізғұловтың өзі басқарып отырған осы теміржол бөлімшесі заңгерінің туған апасы, Ақтөбе облыстық кассациялық сот алқасы судьясы Л.Лемашоваға (кейін ол бұл жұмысынан кеткен), судьялар С.Қосымбетовке, Н.Әжіғалиеваға арқа сүйеп, маған көрсеткен қорлықтарын амалсыздан халқыма, Елбасына жазбаша және бейнетаспа арқылы жеткізуге мәжбүрмін, сіздерден араша сұраймын.
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң станциясында мемлекетіміздің магистралдық темір жолы желілері орналасқан аймақтан, жеке тұлғаларға берілмейтін жерден өзінің және бірінші орынбасары Владимир Петровтың әйеліне 3 (үш) жер телімін берді. Ол аз болғандай, осы жер телімдері астындағы жекешелендіруге жатпайтын мемлекет меншігін – 730 метр станциялық жол мен құны шамаменен 100 млн. теңге болатын арнайы биік алаңды тағы да өзі мен В.Петров екеуінің әйеліне жекешелендіріп берді. Осы екі отбасылық бизнес мемлекет есебінен айына 1 млн. 100 мың теңге пайда көріп отыр. Заң талаптары ашық түрде бұзылғанына қарамастан, «әй!» дейтін әже, «қой!» қожа болмаған соң теміржол басшылары жауапкершіліктен құтылып жүр.
Жарас Ізғұловқа миллион аз болды, енді ол ауызды миллиардқа салды.
– Қазақстан темір жолы басқармасы 3 (үш) рет тексеру барысында Ақтөбе облысы Қандыағаш станциясынан 730 күн бойы елімізден сыртқа вагон-цистерналарменен «композиттік жүк» деген атпен ешқандай да «композиттік жүк» емес, таза шикізаттың – мұнайдың жөнелтіліп келгенін анықтады.
2009 жылы қыркүйекте осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, Мұғалжар аудандық сотының судьясы Н.Әжіғалиева сот үкімін шығарған да болатын. Сол үкімде ол 730 күннің тек 60-күнінде ғана «композит» деген бүркеншік атпен сыртқа сатылып кеткен мұнайдың салдарынан мемлекетке 5,5 млрд.теңге шығын келгенін анықтаған еді.
Бірақ, неге 60 күннің ғана шығыны анықталған? Қалған тағы 670 күн бойы мұнайдың композит болып кеткенін үкімде неге көрсетпеген? Одан мемлекет қандай шығын көрді? Ол ақшаның бәрі кімнің қолында кетті? Оның ешқайсысын анықтамаған. Неге? Өйткені, Қандыағаш станциясы жолында вагон-цистерналардағы мұнай жүгінің кодын композит жүгінің кодына айналдырып сырт елге жөнелткен Жарас Ізғұлов пен оның сыбайластарын жауаптылықтан құтқарып алғысы келген. Бұл әрекетті басқаша түсіндіру мүмкін емес.
– 2016 жылы ақпанда Кіріс департаменті үлкен күрес нәтижесінде қозғалған қылмыстық іс көзбе-көз теміржолдың өзінің анықтаған құжаттарын жасырып, қайта-қайта жабылып қалуы тектен-тек емес. Мемлекетіміздің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, шамамен 100 млрд. теңге мұнай ұрлығы туралы қылмыстық іс Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қарауына берілмей ашылмайды.
– Осы мәселені қайта-қайта көтеріп жүрген менің аузымды қалай да жабу үшін, мені 2009 жылы қатарынан үш рет Еңбек шартын бұзып жұмыстан шығарды, ал кейінгі екеуінде сот шешімдерінен кейін қайта жасалмаған Еңбек шартын бұзып, қабылдамаған жұмыстан шығарды.
– 2009 жылы қарашада сот шешімін шығарған судья – мені бұрынғы жұмысыма емес, бұрынғы қызметіме орналастырып, қағаз жүзінде жұмысқа қосты.
01.05.2010 жылы ҚТЖ ҰК АҚ-ы басқармасы Ақтөбе теміржолы бөлімшесі филиалында менің атқарып жүрген қызметім АСУ бөлімі бастығы лауазымын штаттық кестеден қысқартты. Филиал басшылары 16.06.2010 жылы №396 бұйрық беріп, Еңбек шартын бұзып, мені жұмыстан шығарды. 02.03.2011 жылы Ақтөбе облыстық кассациялық сот алқасы өзінің заңды күшіне енген сот қаулысында жоғарыда көрсетілген, Еңбек шартын бұзу туралы 16.06.2010 жылғы №396 бұйрықты заңға қайшы деп таныды. Мені бұрынғы жұмысым АСУ бөлімі бастығы лауазымына қайта орналастырды.
Ақтөбе теміржолы бөлімшесі басшысы Ж.Ізғұлов, заңгері В.Тюряева, кадр маманы Ж.Ким мені бұрынғы жұмысым – АСУ бөлімі бастығы лауазымына қайта орналастыру туралы заңды күшіне енген 02.03.2011 жылғы сот қаулысының талабын орындаған жоқ. Сот қаулысынан кейін, ҚР Еңбек кодексі 33-бабының 1-тармағының талабын бұзып, Еңбек шартын жасаған жоқ, жұмысқа қайта қабылдаған бұйрығын шығарған жоқ.
ҚТЖ ҰК АҚ-ы басқармасы 09.03.2011 жылы №ЦДЭТ 18-01/1838,1 хабарына сәйкес АСУ бөлімі бастығы лауазымын, филиалда штаттық кестеге қайта енгізуден бас тартты. ҚР «Кіріс туралы» заңын, Үкімет қаулысы талаптарын бұзып, сот шешіміменен өндірілген менің айлық жалақымнан мемлекетке тиісті салық төлемдерін төлеген жоқ.
Міндетті түрде менің зейнеткерлік қорыма аударылатын қаржыны аударған жоқ.
Мемлекеттік сот орындаушылары А.Асқар, Т.Әбуов, теміржол бөлімшесі басшыларын орындалуы міндетті сот шешімін орындамағаны үшін жауаптылықтан құтқару мақсатында, оларменен астыртын сыбайластық жемқорлыққа барды деп санаймын.
Осыған орай, олар, сот орындаушылары А.Асқар, Т.Әбуов, ҚР «Атқарушылық іс туралы» заң талабының 105-бабы 2-тармағын, ҚР Еңбек кодексінің 38-бабы 2-тармағы талаптарын өрескел бұзып, Еңбек шартынсыз, «мені сот шешімі орындалды, бұрынғы жұмысына қайта орналасты» деп қаулы қабылдады, шын мәніндегі жағдайды 2-жыл бойы жасырды. Осыны пайдаланып Ж.Ізғұлов 22.09.2011 жылғы №2-9327/2011 сот шешімінде, 02.03.2011 жылы кассациялық сот алқасы мені бұрынғы жұмысыма қайта орналастырған емес, бұрынғы қызметіме қайта орналасқан деп өзгертуге қол жеткізді. Осыған орай, мені 26.03.2011 жылы – 19.04.2011 жылы аралығында себепсіз жұмыста болмаған деп айыптады, кейінгі сот актілерінде Еңбек шартынсыз жұмыстан шыққаным заңды деп танылды. Кейін анықталғандай, 18.03.2011 жылы – 20.04.2011 жылы Атқарушылық іс жүріп жатқан кезде мен бұрынғы жұмысқа орналаспай жатып, жұмыстан шығарылғанмын. Бұны, теміржол бөлімшесі және мемлекеттік сот орындаушыларының бірлесіп, қасақана, әдейі, көпе-көрнеу жасаған іс-әрекеттері деп санаймын.
Ж.Ізғұловтың жұмысты сот Актілері арқылы қызметке ауыстырып жүргені 1-ші рет емес. Сот өзінің 12.05.2010 жылы №2-3796/10 шешімінде әкімшіліктің 24.11.2009 жылы сот шешімінен кейін маған жұмыс бермегенін анықтады. Өйткені, 24.11.2009 жылы сот шешімі, мені бұрынғы жұмысыма емес, бұрынғы қызметіме орналастырды. Осыған орай, теміржол басшысы меніменен бұрынғы қызметімде Еңбек шартын жасаған жоқ. Еңбек шарты тек бұрынғы жұмысқа қайта орналасқанда ғана жасалады.
Ақтөбе қалалық сотының 11.08.2014 жылы заңды күшіне енген, 27.06.2014 жылғы №2-7013/14 шешімінде, Ақтөбе темір жолы бөлімшесі басшылығы, 02.03.2011 жылы сот шешімі мені бұрынғы жұмысыма қайта орналастырғанын мойындады.
Мемлекетке тиісті 74429 теңге 40 тиын салықты төледі. Менің міндетті зейнеткерлік қорыма - 84477 теңге аударды.
2016 жылы сәуір айында Ақтөбе облысы Әділет департменті басшысы, сот орындаушысы А.Асқар қателесіп, өзі қабылдаған қаулыда №НОД-106-11.03.2011 жылы жұмысқа қайта орналастыру туралы бұйрықты 03.03.2011 жылы бұйрық деп көрсеткенін анықтады.
2016 жылы шілдеде Ақтөбе облысы Әкімі Б.М.Сапарбаев жеке қабылдауында «Еңбек шарты жасалмаған жерде жұмысқа қабылдау бұйрығы қайдан болады деп», теміржол бөлімшесінің мені бұрынғы жұмысыма қайта орналастыру туралы 02.03.2011 жылғы сот шешімін орындамағанына, мені бұрынғы жұмысыма қайта қабылдамағанына көзі жетті.
– Ақтөбе теміржолы бөлімшесі басшысы Ж.Ізғұлов, заңгері В.Тюряева, кадр маманы Ж.Ким – орындалуы міндетті сот шешімін қасақана орындамау мақсатында, өздеріне тиісті қызмет міндеттерін орындамай, менімен Еңбек шартын жасаған жоқ. Ж.Ізғұлов өз қызмет өкілдігін теріс, асыра пайдаланып, ҚТЖ ҰҚ АҚ-ы басқармасы лауазымды басшылары өкілеттігін иемдену арқылы АСУ бөлімі бастығы қызметіне қабылдадым деп, 11.03.2011 жылы №НОД -106 және №НОД-214 бұйрықтарын 1 күнде шығарды. 29.07.2011 жылы №НОД -423 бұйрықпенен меніменен жоқ Еңбек шартын бұзған кезде, №НОД-106 қызметке қабылдау бұйрығын, бұрынғы жұмысқа қабылдау бұйрығы деп, жалған құжат жасады, Еңбек шартынсыз шығарылған бұйрықтың шын мазмұнын бұрмалады деп санаймын. Соттың жұмысқа қайта қалпына келтіру туралы шешімін орындамай тұрып, жасалмаған Еңбек шартын бұзып, ҚР Конституциясының 24-бабы 1-ші талабын өрескел бұзып, зейнеткерлік жасқа 1 жыл 10 айдан аса уақыт қалғанда еңбек ету құқығынан айырды, отбасыма 5,2 млн. теңге елеулі түрде зиян келді (22.09.2011 жылы сот шешіміне сай, менің күнделік айлық жалақым – 7382 теңге). Осыған орай, менің құқықтарым мен заңды мүдделерімнің қасақана бұзуынан, қорлаудан денсаулыққа кері әсерін тигізді – екі рет инфаркт алдым, жүрекке операция жасаттым, әлі күнге дейін ауа жетпей қиналамын, қайта-қайта әлсіреп қаламын.
Осы көрсетілген деректердің негізінде, ҚР Қылмыстық Кодексінің 362-бабы 1-2 тармағы, 307-бабы 1-2 тармағы, 308-бабы 1-2 тармағы, 309-бабы, 314-бабы 1-2 тармағы, 315-бабы 1-2 тармақтарына сәйкес Ақтөбе теміржолы бөлімшесі басшысы Ж.Ізғұловты, заңгері В.Тюряеваны, кадр маманы Ж.Кимді жауапкершілікке тартуға жатады деп санаймын.
– Мемлекеттік сот орындаушысы А.Асқар 02.03.2011 жылы міндетті сот шешімін орындамаған Ақтөбе теміржол бөлімшесі басшысы Ж.Ізғұловты және оның көмекшілерін жауаптылықтан құтқару мақсатында және бөлімше пайдасы үшін көрінеу, қасақана сыбайластық жемқорлық сипаттағы іс-әрекеттерге барды деп санаймын.
20.04.2011 жылы Атқарушылық іс аяқталғаны туралы өзі қабылдаған қаулысында, көрінеу жалған мәлімет №НОД-106 қызметке қабылдау бұйрығын, Еңбек шартынсыз, №НОД-106-11.03.2011 жылы бұйрығы жұмысқа қайта орналастыру туралы бұйрығы деп өзгертті.
Бұл өз кезегінде мені жұмысқа себепсіз шықпады, тәртіптік теріс қылық жасадыға әкелді, менің құқықтарыммен заңды мүдделерімнің қасақана бұзылуына, елеулі түрде зиян шегуіме әкеліп соқты деп санаймын.
Осы көрсетілген деректер өз кезегінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 362-бабы 2-тармағы, 314-бабы 1-тармағы, 315-бабы 1-тармағы, 148-бабы 1-тармағы 108 бабы талаптарына сәйкес мемлекеттік сот орындаушысы А.Асқарды жауапкершілікке тартуға жатады деп санаймын.
– Аға мемлекеттік сот орындаушысы Т.Әбуов – лауазымды мемлекеттік қызметкер, сот орындаушысы А.Асқардың жұмысқа қайта орналасу туралы міндетті түрде орындалатын сот шешімін, Еңбек шартынсыз, сот шешімі орындалды, мені бұрынғы жұмысына қайта орналасты деп қабылдаған қаулысын бекітуі арқылы сот шешімін орындамаған Ақтөбе теміржолы бөлімшесі басшысы Ж.Ізғұловты және оның көмекшілерін жауаптылықтан құтқару үшін көпе-көрінеу, қасақана, әдейі сыбайластық жемқорлық сипаттағы іс-әрекеттерге барды деп санаймын.
Бұл өз кезегінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 362-бабы 2-тармағы, 314-бабы 2-тармағы, 315-бабы 2-тармағы талаптарына сәйкес, Аға мемлекеттік сот орындаушысы Т.Әбуовты жауаптылыққа тартуға жатады деп санаймын.
Осы көрсетілген негіздерге сәйкес, ҚР ҚК-нің 362-бабы, 1-2 тармағы, 307-бабы 1-2 тармағы, 308-бабы 1-2 тармағы, 309-бабы, 314-бабы 1-2 тармағы, 315-бабы 1-2 тармағы, 148-бабы 1-тармағы, 108-бабы талаптарына сәйкес:
1. ҚТЖ ҰК АҚ-ы Ақтөбе теміржолы бөлімшесі филиалы басшысы Ж.Ізғұловты жауаптылыққа тартуды сұраймын.
2. ҚТЖ ҰК АҚ-ы Ақтөбе теміржолы бөлімшесі филиалы заңгері В. Тюряеваны жауаптылыққа тартуды сұраймын.
3. ҚТЖ ҰК АҚ-ы Ақтөбе темір жолы бөлімшесі филиалы кадр маманы Ж.Кимді жауаптылыққа тартуды сұраймын.
4. Ақтөбе облысы мемлекетке сот актілерін орындау Департаменті сот орындаушысы А.Асқарды жауаптылыққа тартуды сұраймын.
5. Ақтөбе облысы мемлекеттік сот актілерін орындау Департаменті аға сот орындаушысы Т.Әбуовты жауаптылыққа тартуды сұраймын.
Алдаберген Аймағамбетов
qazaquni.kz