ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз хатшысы Динара Әлімова Baq.kz тілшісіне берген сұқбатында әлеуметтік желіде тараған ақпараттың жалған екенін айтты.
Қазақстан халқының саны 18 миллионға жеткені рас па?
2017 ж. 16 наурыз
3216
12
«Әлеуметтік желіде тарап жатқан «Қазақстан халқының есептеуіші» дегеніміз - Біріккен Ұлттар Ұйымының санақ жүйесі. БҰҰ әр елдің халқын өз әдісі бойынша есептейді. Ұйымда басқа халықаралық әдістеме, олар басқаша санайды. Біздің бұл әдістемеге еш қатысымыз жоқ. Біз басқаша санаймыз. Статистика комиссиясының мәліметтері бойынша Қазақстан 18 млн-ға жеткен жоқ. Бізде 18-миллионыншы азамат әлі туған жоқ. Халқымыздың саны сәуір, мамыр айларында 18 миллионға жетіп қалуы мүмкін. Егер жетіп жатса, біз ресми түрде хабарлаймыз», - деді Д.Әлімова.
Статистика комитетінің 1 ақпандағы мәліметіне сәйкес, Қазақстан халқының саны 17 945,3 мың адамды құрайды.
Еске салсақ, кешеден бері әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандықтардың саны 18 милионнан асты деп сүйіншілеп, мәлімет таратып жатыр.