Елбасы әйелдерге қалай ұнау керектігін айтып берді
2017 ж. 07 наурыз
3455
17
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Көктем шуағы" атты кездесуінде әйелдерге қалай ұнау керек екенін айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"(...) Әйелге ұнағың келсе, ол әдемі болса, оның ақылды екенін айт. Ал егер әдемі болмаса, әдемі де. Екеуі де болмаса, "Қалай арықтағансың" де. Дұрыс па? Міне, оларды әлі күнге үйретіп келемін, сөйлесе алмайды", - деді Назарбаев.
Мария Галицкая - 29 жастағы әнші, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты. Ол - Tengri-FM радиостанциясының тыңдармандары үздік деп тапқан "Брат" деген әннің авторы әрі орындаушысы.
"Рақмет, Мария, шығармашылық жетістік пен бақыт тілеймін. Университетті қашан аяқтайсың? Биыл? Қазірдің өзінде танымал болдың, елордаға немесе Алматыға көшіп барасың", - деді оған елбасы.
Сондай-ақ, Назарбаев шаңғы жарысынан Алматыда өткен Универсиаданың чемпионы Анна Шевченко жайлы айтты.
"Аня тым жас. Із қуа жарысу - бес шақырым. Классикалық әдіс - 15 шақырым. Әділбек Рыскелдіұлы, елестетіп көрші. Сен күн сайын жағалауда жүгіресің, шаңғысыз", - деді президент күліп Жақсыбековке. Осыдан кейін елбасы спортшыға сәттілік тіледі.