Алматыда бұдан былай көше аттары тек қазақша жазылуы мүмкін
2017 ж. 07 наурыз
3335
1
Алматы облысында көшенің атауы жазылатын тақтайшаларға көшеге есімі берілген тұлғаның портреттері де қоса салынатын болған деп хабарлайды "Алматы" арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.
Ал Алматы облысындағы Тұздыбастау ауылының тұрғындары болса көше атауы жазылған тақтайшаларға Қабанбай батырдың портретін де салуды жөн көріпті.
"Біз мұны жастарымыз еліміздің батырларын таныса дейміз. Бұл олардың отаны мен тарихына деген сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз дейді Алматы облысы тұрғыны Забырдан Орынбаев.
Тақтайшадағы сурет тозып кетпесі үшін олар арнайы неміс технологиясының көмегімен жасалған. Оның құны 3 000 теңге тұрады.
Ал Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасындағылар мұндай ерекше идеяны ұнатып отыр. Алайда олардың айтуынша, оны қала көлемінде жүзеге асыру қиынға соқпақ. Ал мекенжай тақтайшаларының бірыңғай жоспары бүгін елге таныстырылды.
Жуық арада Алматы көшелерінің атауы тек қазақ тілінде жазылатын болады. Кей ірі даңғылдар ғана ол тізімге кірмей отыр. Ашық көк түске боялған тақтайшаның ұзындығы 1 метр 20 см болмақ. Ал ені - 25 см. Көше атаулары қазіргідей қысқартылып жазылмайды. Тек "көшесі" деген сөздың ғана үш тілдегі нұсқасы жазылады.
Жаңа тақтайшалардың қашан қолданысқа берілетін белгісіз.
Бүгінгі таңда Алматыда 2,5 мың көше бар. Олардың 500-інің атауы бірдей. Мәселен, Абай есімі 12 көшеге берілсе, Жамбыл Жабаев есімімен 13 көше аталады.