Маңғыстаулық азамат мешітте "әумин" деп айтқаны үшін айыппұл төлейді
2017 ж. 27 ақпан
4356
8
Жаңаөзендегі мешіттің бірінде айқай-шу шықты. Намазға жығылғандардың бірі «әумин» деп дауыстап айтқаны үшін, сот оны 113 мың теңге айыппұл төлеуге мәжбүр етіпті.
Жергілікті имамның айтуынша, жамағат дауыстап «әумин» десе, Ханафи мәзһабының дәстүрін «бұзатын» көрінеді. Осыған шамданған имам әлгі жігіттің үстінен сотқа шағым түсіріпті.
Бұл іс сотқа дейін жетіп, «тәртіп бұзушыға» 50 АЕК бойынша 113 мың теңге айыппұл салған. Бұл мәселе Азаматтық Кодекстің 490 бабы, 2 тармағында қарастырылыпты. Әзірге, шешім заңды күшіне енген жоқ.